Untitled Document

Денсаулық - Дене температурасы

Қыс айлары келіп, күннің сууы дененің энергияға деген қажеттілігін арттырады. Сондықтан күнделікті желінетін азықтарға қосымша ретінде қуатты арттыратын азықтар да желіну керек. Ағзаның жұмыс істеуі, азықтардан пайда болатын энергия арқылы жүзеге асады.

Дене тоңған кезде жылыну үшін көбірек энергия қажет етеді. Дене жылылығын жоғалтпаған жағдайда көп энергияны қажет етпейді. Дене суық күндерде жылылығын көп жоғалтады. Сәбилер, балалар, кәрілер және дене шыдамдығы әлсіз болғандар суық ауадан қатты әсерленеді. Олардың теріасты май қабаты аз болғандықтан жылуды көп жоғалтады. Сол себепті көп энергия алуға тура келеді. Қалыпты азықтармен қоса күнжіт майы, бекмес, бал және тосап сияқты тағамдар тұтыну керек.

Күлімдейік - Жындыхана

Мына бір қызық оқиғаны біреулер анекдот десе біреулер шындық деседі. 1960-жылдары Түркияның Элязиғ қаласындағы психиатриялық ауруханадан 423 ауру қашып, сол аймақтағы көшелерге тарап кетіпті. Психиатриялық аурухананың бас дәрігері Мутемет Языжыдан абыржыған аурухана қызметкерлері: «Дәрігер мырза, енді не істейміз?» деп ақыл сұрайды. Бас дәрігер: «Маған бір ысқырық (сырнай) беріңдер, барлығың менің арқама жабысып қатар тізіп жүріңдер!» дейді. «Тут-тууут!» деген ысқырық дауысымен, бас дәрігер ең алдында, бірнеше қызметкерлері артында жүріп, пойыз сияқты тізіліп көшелерді аралап шығады. Бүкіл жындылар соларға вагон болып қосылып барлығы ауруханаға кірген кезде олардың саны 612 кісі болыпты.