Untitled Document

Бұл қызық - Жануарлар әлемі

• Құмайлар жейтін азығын 1500 метр биіктіктен анықтай алады.
• Бүркіт 700 метр биіктіктен тышқанды көре алады.
• Құмырсқалардың әрбір көздерінде 50, шыбындікінде 4000, ал инеліктің көзінде 50000 бірлік бар.
• Қолтырауын су астында дем алмастан 4-5 сағат тұра алады.
• Акулалар жейтін қоректілерінің қозғалысын 100 м қашықтықтан сезеді.
• Арқан балықтар (лосось) көбеюлері үшін 100 км қашықтыққа кетеді.
• Құстардың ішіндегі ең үлкен жұмыртқа – түйеқұс жұмыртқасы. Салмағы 1,5 кг.
• Коала аюы тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.
• Ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.
• Kейбір қарлығаштар ұшып жүріп ұйықтайды екен.
• Төрт тізесі бар жалғыз аң – піл.
• Бегемоттар су астында туады.
• Шегірткенің қаны ақ түсті.
• Шегірткелердің құлағы алдыңғы аяқтарында.
• Ұлудың тістері тамақты майдалау үшін, тілінде орналасқан.
• Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.
• Ұша алатын жалғыз сүт қоректі – жарқанат.
• Зебра – қара жолақтары бар ақ аң.
• Бассыз таракан тоғыз күнге дейін өмір сүреді, содан кейін аштан өледі.
• Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды.
• Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.
• Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.
• Аю сағатына 48 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады.
• Пингвиндер 1,5 м биіктікке секіре алады.