Untitled Document

Мақала - Батыстың құлдырауы

Футурология – болашақ жайлы болжау ілімі. Бұл ғайыпты білу деген сөз емес. Ғайыпты жалғыз Аллаһу та’ала ғана біледі. Еуропа парламентінің талабымен Еуропа Одағының Қауіпсіздік мәселелері бойынша зерттеу институты тарапынан «Жаһандық үрдіс 2030» атты 174 беттен құралған баяндама 40 ғалым тарапынан дайындалды. Бұл баяндамадағы болашаққа қатысты болжамдардың қысқаша мәні мынадай:

• 2030 жылы ешбір ел жалғыз басына гегемония құра алмайды.
• АҚШ және Қытай ең мықты мемлекет болады.
• Үндістан күшеюді жалғастырады.
• Ресей мен Жапония 20-сыншы ғасырда қол жеткізген «Ұлы держава» статусын жоғалтады.
• Экономикада үлесін 19 пайызға көтеретін Қытай, 1-інші күшті мемлекет болады.
• Индонезия, Оңтүстік Африка және Туркия демократияларын күшейтеді. Экономикалық және әлеуметтік жаңғыртуы тереңдейді.

Бжезинскийдің айтуы бойынша әлем билігінің орталығы әуелде Орта шығыс және Еуразия болды. Осман империясының құлауынан кейін билік Англияда болғанымен, 2-інші дүние жүзілік соғыс біткен соң билік АҚШ-қа өтті. Ал АҚШ күшін орта шығыстан алуда.

Бжезинскийдің айтуы бойынша АҚШ көшбасшылықты Қытайға бермеу үшін қазіргіден де «Үлкен батыс» құруы тиіс. Бірақ «Үлкен Батыс» АҚШ-тың Ресей және Түркиямен жақын түрде қарым-қатынас жасауы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Қазір АҚШ және Европа Одағында ең маңызды және ғылыми талқылау және бұл жайында мыңдаған мақала және жүздеген шығармаларда талқыланып жатқан мәселе: «Батыстың қалай және не себептен құлдырап жатқандығы турасында». АҚШ-тың да тоқырауға ұшырау және кері шегіну кезеңіне түскені жайында талқыланған еді. Экономикалық дағдарыс және батыстың Ауғанстан және Ирак соғысы, Ливия, Сирия және Араб көктемімен батыстың құлдырауын ұммыттырмақ болды. Статистикалық мәліметтердің де көрсетуі бойынша әлемнің ең мықты экономикалық күштері барған сайын төмен шөгуде.