Untitled Document

Әдеп-ахлақ - Жаман әдеттер

1) Ысқыру.
2) Қатты айқайлау.
3) Өзін мақтау.
4) Түрегеп тұрып және жүріп келе жатып бірдеңе жеу.
5) Аяқты созып отыру.
6) Қатты, дауысын шығарып күлу.
7) Біреудің сөзін бөлу.
8) Кір, лас киімдер кию.
9) Жабық жерлерде дауысын көтеріп сөйлеу.
10) Үлкендердің алдына түсіп жүру.
11) Берген сөзінде тұрмау.
12) Өтірік айту.
13) Жерге түкіру.
14) Өсек айту.
15) Көп ант ету.

Әлем - Ең биік ағаш үй

«Daily Mail» газетінен Tammy Hughesтің хабарлауы бойынша, АҚШ-та әлемнің ең биік ағаш үйі 11 жылда салынған. Кроссвил, Теннесси штаттарындағы 10 қабатты ағаш үй түгелдей қарапайым материалдармен салынған. Өте көп бөлмесі бар бұл үйде баскетбол алаңы, балкондар, жүретін жолдар және т.б. қажеттіліктер қамтылған. Үйді суретке түсірген Tom Whetton: «Бұл үй өте ерекше, жанына жақындағанға дейін үйдің қаншалықты үлкен екендігін түсіне алмайсыз. Шынымен өте үлкен. Бұл үй әрбір баланың қиялы.» деді. Ал архитектор Horace Burgess: «268 мың шеге қолданылған бұл үйге, шамамен 12 мың доллар жұмсалды.» деп мәлімдеді.