Ғибрат - Дінді дүниелік үшін пайдаланған адамның соңы
Мұса алейхиссаламның дәуірінде бір кісі адамдарға: «Менімен Кәлимуллаһ Муса сөйлеседі. Мен сафиуллаһ Мұсаның жақын туыстарынанмын» деп Муса алейхиссаламның есімін пайдаланып, дүниелік табыстарға қол жеткізетін. Бір күні бір кісі Мұса алейхиссаламның жанына, мойнына қара жіп байланған бір шошқаны алып келіп: «Ей Аллаһтың пайғамбары! Пәлен кісіні танисың ба?» деп сұрайды. Мұса алейхиссалам: «Ол туралы естігенмін» деп жауап береді. Әлгі кісі: «Сол адам міне мына шошқаға айналды.» дейді. Мұса алейхиссалам оның неліктен шошқаға айналғанын өзінен сұрау үшін Аллаһу та’аладан оны алдыңғы халіне қайтаруды сұрайды. Сол кезде Аллаһу та’ала Мұса алейхиссаламға: «Ей Мұса! Адам алейхиссаламның және одан кейін келген
пайғамбарлардың дұғаларымен дұға етсең де ол кісіге жасаған дұғаңды қабыл етпеймін. Бірақ мен саған оны не үшін осындай күйге түсіргенімді білдірейін. Ол сенің есіміңді қолданып, адамдарға өзін саған жақын туыстай таныстырып, дүниелік табыстарға қол жеткізгендіктен, дүние жинау үшін дінін сатып күнелткендіктен оны осы күйге түсірдім» дейді.
Бала тәрбиесі - Бала және таяқ
Мамандар бала тәрбиесінде баланы ұрудың сирек және қысқа мерзімді жаза түрі екендігін, ал тұрақты және ұзаққа созылатын жағдайда одан теріс нәтиже алынатындығын білдіруде. Баланы ұрып тәрбиелеудің балаға физикалық әсері бар. Психологиялық тұрғыдан алғанда үнемі таяқ жеп өскен балалардың агрессивті сезімдері дамиды. Оның ашушаң, қызу қанды адам болуына жол ашады.