Күннің тарихы - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
СПИД бастапқыда гомосексуалды еркектерде, жезөкшелерде, есірткі қолданғандарда кездескен. Кейіннен жыныстық қатынас, қан ауыстыру және тұқым қуалау жолдарымен басқа адамдарға да тарай бастады. СПИД ауруын батыстың шектен асқан еркіндігінде өмір сүретін, неке, намыс, руханият, кие дегеннің не екенін білмейтін жағдайға жеткен және ақша, комфорт, ішімдік, есірткіге салынған адамдар таратып отыр. СПИД микробы ВИЧ деп аталатын вирус болып табылады. Денеге енгеннен кейін одан құтылудың жолы әзірге табылған жоқ. Ең кеш дегенде 5 жылда адам қайтыс болады. Өте ауыр созылмалы ауру. Шалдыққандардың 80% астамының өліміне себеп болуда. Бүгінге дейін әлемде шамамен 40 миллион адам СПИД ауруына жол ашатын ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Қазірге дейін 25 миллион адам СПИД-тен қаза тапты. Олардың көп бөлігі Африка құрлығында өмір сүретіндер.
СПИД ауруына қарсы дәрі және вакцина ойлап табу үшін дүние жүзіндегі бүкіл лабораторияларда жанталасып еңбек етілуде. Бұл аурудың мамандары СПИД ауруына шалдықпау үшін ислам дініндегідей әмірлерді қайта-қайта айтып ескертуде:
♦ Зинаға және жөзекшелікке жақындамаңдар!
♦ Жыныстық азғындықтардан (жаман қатынастардан) ұзақ болыңдар!
♦ Есірткі заттарға және спиртті ішімдіктерге жақындамаңдар!
♦ Жүйелі отбасылық өмір түрін ұстаныңдар!
♦ Тазалыққа, гигиенаға көп мән беріңдер!