Әлем - Діни сабақтар
Германия: Конституция бойынша дін немесе ахлақ сабағы қоғамдық мектептерде жүйелі түрде оқытылады. Бастауыш мектептердің 70 пайызы шіркеулердің басшылығында.
АҚШ: Мемлекеттік мектептер мен шіркеу мектептері бар. Мемлекеттік мектептерде дін сабақтары жоқ.
Бельгия: Мемлекеттік мектептерде бастауыш және орта сыныптарда оқушылар аптасына ең аз 2 сағат дін немесе ахлақ сабақтарынан бірін таңдауы тиіс.
Австрия: Бастауыш, орта сыныптарда және жоғары оқу орындарының педогогикалық, ауыл шаруашылығы және орман факультеттерінде дін сабағы міндетті, ал жекеменшік мектептерде таңдамалы.
Дания: Дін сабағы 8 жылдық оқуларда және лицейлерде оқытылуы міндетті.
Финляндия: Дін және ахлақ сабақтарынан біреуі оқытылуы тиіс.
Франция: Дін сабағына кіруді қаламағандар, ахлақ сабағына кіруі тиіс.
Голландия: Дін сабақтары аптасына 3 сағаттан асып кетпеу шартымен оқытылады.
Испания: Бастауыш және орта мемлекеттік мектептер, оқушыға дін сабағын беруге міндетті.
Япония: Бастауыш және орта мектептерде дін сабағы жоқ. Аптасына 2 сағат ахлақ сабағы оқытылады. Жекеменшік мектептерде таңдаулы дін сабағы беріледі.
Швеция: Мемлекеттік мектептерде міндетті пән ретінде оқытылады.
Англия: Дін сабақтары мемлекеттік мектептерде бар. Бүкіл мектептерде күнді жамағаттың дұғасымен бастау заңмен бекітілген.
Италия: Мектепке дейінгі оқуларда және бастауыш мектептерде аптасына 2 сағат, ортамектептер және лицейлерде 1 сағат таңдамалы дін сабағы бар.
Канада: Кебек аймағында ресми бастауыш және орта мектептерде, дін сабағы міндетті оқытылады. Аптасына 3 сағат оқытылады.
Норвегия: Бастауыш және орта мемлекеттік мектептерде міндетті.
Португалия: Бастауыш және орта мемлекеттік мектептерде таңдамалы.
Польша: Бастауыш және орта мектептерде, жекеменшік және мемлекеттік мектептерде таңдамалы.
Тунис: Лицей, яғни жоғары сыныптарда үш жыл оқылуы міндетті.
Иордания: Әр бір мектепте аптасына 2 сағат ислам және 1 сағат Құран кәрім сабағы бар.