Untitled Document

Мақала - Батыстағы әдеп-ахлақ дағдарысы

Германияда Фокус журналында басылып шыққан бір хабар бойынша, үкімет тарапынан жарияланған ресми сандар, ажырасулар және некесіз туылулардың саны рекордтық дәрежеге жеткенін көрсетуде. Германияда отбасыдағы еркек пен әйелдің түсінісе алмаушылығының себебінен ажырасулардың саны артуда. Соттың үкімімен анаға беріліп жатқан балалардың саны 2 миллионға жетті.

Германияда синагоганы өртке салмақ болған 4 нәсілші жастан біреуінің әкесі ертеде қайтыс болған, біреуінің әкесі ажырасып бөлек кеткен, біреуінің әкесі маскүнем және біреуі әкесін еш танымайтын болып шықты. Бұлардың ешқайсысы мектепке бара алмай, спиртті ішімдіктер мен есірткі заттарға тәуелділікке ұшыраған.

Әкесіз өскен балалар, жанұясы толық үйде өскен балаға қарағанда агрессивті және бұзықылыққа бейім болатыны айтылды. АҚШ-та зорлық жасағандардың 3-тен 2-сінің, адам өлтіргендердің 3-тен 1-інің және әртүрлі қылмыстардың себебінен қамауға алынғандардың 3-тен 1-інің әкесіз өскендер екені мәлімденген.

Денсаулық - Шипа және диета

Сүйікті пайғамбарымыз былай деген:
«Аллаһу та’ала барлық аурудың шипасын жаратқан. Тек өлімге ғана шара жоқ.»
«Аурулардың басы көп жеу. Шипалардың басы диета болып табылады.»
«Ауруларыңды садақа беріп емдеңдер!»
Аурымауға тырысу керек. Аурыған жағдайда емделу керек және диета сақтап, садақа беру керек. Емделу және диета сақтау сүннет болып табылады.