Сұхбат - Ислам діні (2)
Жалқаулыққа және уақытты бос өткізуге тыйым салған. Шаруашылыққа, сауда-саттыққа, өнеркәсіпке, өнерге, білім мен ғылымға, техникаға, индустрияға лайықты түрде мән береді. Адамдардың жәрдемдесуін, бір-біріне қамқор болуын талап етеді, дінді, отанды, діні басқа болғандардың да жанын, малын және намысын қорғауды мәжбүр етіп, оларды жәбірлеуге түбегейлі тыйым салады. Бұл дін адамның рухын және бүкіл адамзатты бақытқа қауыштыратын принциптерден құралған. Әлеуметтік әділет негіздері үстіне құралған. Ислам дінінде бөлінушілік жоқ. Мұсылман болғандардың барлығы бірдей ақыларға, бірдей құрметке ие. Исламда заманауи ғылымдарға қайшы келетін ешбір мәселе жоқ. Әмір етілген және насихатталған барлық негіздер толығымен логикаға және ақылға сай. Ғылым адамдарының өмір бойы жасаған еңбектерінің нәтижесінде қол жеткізген ғылыми шындықтар Ислам дініне толығымен сай шығуда.
Күлімдейік - Қолшатыр
Бір күні бір кісі базарға шығып бара жатқанында әйелі қолшатыр алуды ұмытпауы үшін қайта қайта ескертіп: «Қолшатыр алуды ұмытпа! Маған бір дана ал, өзіңе бір дана анама және балаларға да бір-біреуден ал» дейді. Күйеуі қалаға қатынайтын автобусқа барғанша ұмытып қалмау үшін «Қолшатыр, қолшатыр» деп іштей қайталап барады. Автобусқа мінген кезінде де ойында тек қана қолшатыр тұрады. Оның осы ойға шомғаны соншалық, түсер кезде біреудің қолындағы қолшатырға қолын созып ұстап тұрып қалады. Қолшатырдың иесі түсінбей, артына қарағанында, есін жиып кешірім сұрамақшы болады, бірақ ол естімейді. Қаладағы жұмыстары біткен соң, бірнеше зонт сатып алып автобусқа мінеді. Жолда әлгі қолшатырынан ұстаған кісі де сол автобусқа мінеді. Ол өзінің қолшатырын мықтап қолтығына қыстырып, күлімдеп былай дейді: «Ооо достым! Бүгін жұмысың жақсы жүрген сияқты ғой.» Сірә мұны қолшатыр ұрысы деп ойлап қалса керек.