Сұхбат - Ислам діні (1)
Ислам діні соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламға жіберілген дін. Ислам – сөздікте «Бейбітшілік, ынтымақ, саламаттық және (Аллаһ заңдарына) мойынсұну» деген мағыналарды береді. Ислам діні адамдардың жақсы болуларын, адал, дұрыс өмір сүрулерін негізге алған. Ислам дінінің кітабы – Құран кәрім. Құран кәрімнің аяттары аса мұқияттылықпен сақталып, бір әрпі де өзгермеген күйде осы күнге дейін келген. Ислам діні рухани және дене тазалығы негізінде құрылған. Иман, ғибадат негіздері және көркем мінезден құралады. Ислам діні адамдардың бір-бірін жақсы көруін, бір-біріне көмектесуін, отандарын көркейту, рухани және материалдық түрде ілгерілеуді, дамуды әмір етеді, Аллаһу та’аланың әмірлерін ұлы деп біліп құрмет көрсетуді және барша жаратылыстарға мейірімді болуды, отанын, туын сүюді, заңға қарсы шықпауды талап етеді. Жақсы мінезді болуды әмір етуде, ал жаман мінездерге қатаң түрде тыйым салуда. Мұсылман болмаған азаматтармен және жақсы-жаман барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуды, барлық тұрғыдан ар-намыс пен ұяттылықты, адал, дұрыс адам болуды талап етеді.
Ислам дінінде басқалардың мал-мүлкіне, жанына, намысына, құрметімен абыройына қолмен, тілмен, әрекетпен, сурет және жазбалармен зиян тигізуге, тиісуге түбегейлі тыйым салынған. Өтірік айту, жала жабу, өзгені жамандау, өсектеу, көре алмаушылық, дұшпандық тоқтатылған. Ислам діні әркімнің алдында әдепті, құрметті болуды, ата-анаға, туған-туысқандарға, жора-жолдастарға, мұқтаждарға әрдайым рақымды, мейірімді, жақсылық жасаушы болуды, тіпті жануарлардың да ақыларына мән беруді, жомарт болуды, ысыраптан сақтануды әмір етеді.