Untitled Document

Отбасы - Бала тәрбиесі (1)

♦ Бала үлкендерден көргенін істейді. Сондықтан оларға жақсы үлгі болу керек.
♦ Оның қасында үнемі күлімдеген, жылы жүзді болуға тырысу керек. Көңіліміз жабырқаңқы болуы, балаға тез әсер етеді.
♦ Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрысып жатса, басқасы оны жақтамау керек.
♦ Оны өзге адамдардың алдында ұрыспау, жазғырмау керек.
♦ Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін біліп жөндеуге тырысуы - өмірде жетістікке жетуіне себеп болады.
♦ Баланы өтірікшілікпен кінәламау керек.
♦ Бауырларының арасында бөлмеу керек.
♦ Тәкаппарлықтың (кібірдің) жаман қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.
♦ Баланың қателіктері болады. Дереу жазаландырмау керек. Қателігін, зиянын айтып түсіндіру керек.
♦ «Сен адам болмайсың», «Сенен қойшы да шықпас» деген секілді айыптаулардан ұзақ болу керек. Бұлар баланың өзіне деген сенімділігін азайтып, адами қасиетін жоғалтады, ынжық болуына себеп болады.
♦ Бала сүйікті болуға, ойнауға, сөйлесуге мұқтаж болады. Бала өзіне суық, қатал және қатты сөйлеген үлкендерді өзін жақсы көрмейді деп ойлап дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан олармен мейірімді, күлімдеген жүзді, жылы сөзді мәміледе болу керек.
♦ Балаға насихат берудің орнына, оған іс жүзінде көрсету, бірге істеу дұрысырақ болады. Мысалы: Астың алдында қолдарын жууы керектігін жүз рет айтқаннан, бір мәрте қанекей қолдарымызды жуайық деп бірге істеудің әсері көбірек болады.
♦ Оған берілген істі, орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін.
(Жалғасы ертең...)