Untitled Document

Диуани Луғат-ат-Түрк (2)

Махмұд Қашқари бітімгершілік ішінде өмір сүрудің шарттары ретінде түрікше үйрену және түріктермен жақсы қарым-қатынаста болу керектігін көрсетуде. Осы себепті де діндес араптардың түрікше үйренуін осы кітап арқылы қамтамасыз етуді ұйғарады. Тіпті бұл тұрғыда Бұхаралық және Нишапурлық екі имамның келтірген мынадай хадис шәрифті де нақыл етеді: «Түрік тілін үйреніңдер,өйткені олардың егелігі (билігі) ұзақ дәуірлі болмақ,»

Түркі тайпалары туралы берген мәліметтері түркі тарихының маңызды бөлігінің анықталуында дереккөз сипатында. Мұсылман түріктердің қолдарындағы таулар, шөлдер, жазық далалар, өзен-көлдердің аттарымен қоса мұсылман болмаған түркі қауымдарының да кейбірлерін білдірген. Түріктердің тегін Нұх пайғамбардың ұлы Яфеске дейін байлаған.

Диуани Луғат-ат-Түрк шын мәнінде түрік энциклопедиясы. Бұл энциклопедия арқылы ХІ ғасырдағы ата-бабаларымыздың өмір салты, азықтарына, ыдыс бұйымдарына, киген киімдеріне, жер және адам аттарына, мақал-мәтелдеріне, тұрақты тіркес, дастандарына дейін барлық тақырыпта дерлік мәлімет алуға болады.

Баласағұнды орталық етіп сызған картасы сол дәуірдегі түркі тайпалардың өмір сүрген аймақтардың көрсетілуі тұрғысынан құнжетпес дерек болып табылады. Шеңбер түрінде сызылған картаның айналасында шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік бағыттары көрсетіліп, кейбір теңіз және өзендер белгіленген. Батысындағы белгіленген жерлер еділ бойларына, яғни қыпшақтардың жерлеріне дейін, оңтүстік-батысы Хабашстанға дейін, Оңтүстігі үнді жерлері, шығысында қытай және Жапония белгіленген.