Untitled Document

Әйел мен еркектің айырмашылығы

Қан: Еркектерде шамамен 4,5 литр, ал әйелдерде 3,6 литр қан бар.
Температура: Еркектердің дене температурасы әйелдердікіден жоғарылау болады.
Су: Еркектің денесінің су мөлшері 60-70 пайыз, ал әйелдердікі 50-60 пайыз аралығында болады.
Скелет: Еркектердің иықтары кең, қолдары мен аяқтары ұзындау болады. Әйелдердің жамбастары кең, буындары иілімді болады.
Дауыс: Әйелдердің дауыс шымылдығы қысқа болатындықтан, дауыстары жіңішке болады.
Сезім мүшелер: Әйелдердің есту және иіскеу мүшелері қуаттылау болады. Еркектің көзі.
Май: Әйелдерде май ұлпасы дененің 27 пайызы, еркектерде 15 пайызы.
Бұлшық еттер: Еркектер 50 пайыз көптеу бұлшық ет күшіне ие және әйелдерден 1/3 мөлшерде қуаттырақ болады.
Балиғат жасы: Еркек балиғат жасына 10-15 жас, әйел 9-14 жас аралығында жетеді.
Өмір: Еркектердің орташа өмір жасы 71,5 жыл, әйелдерде 78 жыл.
Аяқтар: Еркектердің аяқтары ұзын және қуатты болады.
Дене өлшемдері: Еркектің бойы орташа 175 см, салмағы 73,5 кг, кекірегінің айналасы 98,5 см, белі 80,4 см болады. Әйелдің бойы орташа 160 см, салмағы 61,2 кг , көкірегінің айналасы 90,1 см, белі 74,3 см болады.
Агрессия: Еркектер агрессивтілеу болады.
Спорт: Еркектер әйелдерден жылдамдау, ал әйелдер төзімділеу болады.
Жүзу: Әйелдер терілерінің астындағы май қабатының себебінен жақсы жүзеді.
Ауру: Еркектер аз ауырады.
Хромосома: Адамда 46 хромосома бар. Бұл еркекте ХY, әйелде ХХ болып белгіленген.
Шаш: Әйелдердің шаштары тығыз және төзімді болады.
Жылау: Әйелдер 5 есе көп жылайды.
Өкпе: Еркектердің өкпелері 50 пайыз кеңдеу болады.
Ми: Еркектедің милары 14 пайызға ауырлау болады.
Тамақ: Салмақтары бірдей болса да еркек көптеу тамаққа қажетсінеді.
Жүректің соғуы: Еркектердің жүрегі үлкендеу болады және жай соғады. Минутына орташа 72 рет, ал әйелдерде 80 рет соғады.
Жетілу: Балиғат жасына дейін қыздар жылдамырақ өсіп жетіледі.
Ыстыққа шыдамдылық: Әйелдер май ұлпаларының қалындығы себебінен суыққа шыдамдырақ болады.
Адам алмасы: Көмейдегі (кеңірдектегі) шығынты еркектерде ғана болады.
Дем алу: Еркектер минутына орташа 16 рет, ал әйелдер 20-22 рет дем алады.