Untitled Document

Сұхбат - Бір кеңес

Еркек болсын, әйел болсын барлық адам әрбір сөзінде, әрбір ісінде Аллаһу та’аланың бұйрықтарына бағынуы тиіс. Бір парыздың орындалуына, харамнан сақтанбауға мән бермеген адамның иманы кетеді. Имансыз өлген адам қабірде азап шегеді. Ахиретте тозаққа барады. Тозақ отына мәңгі жанады. Кешірілуіне, тозақтан шығуына ешқандай мүмкіндік жоқ.

Кәпір болу өте оңай. Әрбір істе, әрбір сөзде иманнан шығу мүмкіндігі көп. Күпірліктен құтылу да оңай. Күпірліктің себебі белгісіз болса да күнде бір рет Аллаһтан кешірім сұраса, яғни «Астағфируллаһ» десе, міндетті түрде кешіріледі. Яғни, «Иә, Раббым! Біліп және білмей күпірлікке себеп болатын бір сөз айтсам немесе бір нәрсе істесем өкінемін. Мені кешір» деп тәубе етсе, Аллаһу та’алаға шын жүрегімен жалбарынса, кешіріледі. Тозақтан құтылады. Тозақта мәңгі жанбау үшін күн сайын тәубе етіп, кешірім сұрау керек. Осы тәубеден маңызды міндет жоқ. Құл ақысы бар күнәларға тәубе еткен кезде бұл ақыларын қайтару және қалып кеткен намаздарға тәубе еткен кезде парыздарды қаза ету керек.

Зекертік жұмбағы - Жаңғақтар

Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұратпен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?

(Жауабы ертең...)