Untitled Document

Мақала - Есірткі заттар

Есірткі заттар деген кезде жартылай және кең таралған наша, апиын, морфий және кейбір дәрілер ойымызға келеді. Дініміз, тәуелділікті тудыратын және ақылды кетіріп масайтатын әр түрлі есірткі заттарды қолдануды харам қылған. Бұлардың аз мөлшерде дәрі ретінде дәрігерлердің, дәріханашылардың қолдануына рұқсат берілген. Аллаһу та’ала Сад сүресінің 26-аятында: «Ләззат беретін нәрсеге тәуелді болмаңдар, ол сендерді Аллаһтың жолынан адастырады» және Жасиә сүресінің 23-аятында: «Қазір сол адамды көрдің, хидаятты тастап, ләззатына табынардай өзіне илаһ етіп алған» делінген.

Дініміздің әмірлері бойынша жетілмеген жастардың оңай түрде есірткі тұзағына түсіп жатқандығы аянышты шындық. Есірткі тәуелділігіне ұрынғандар ерік-жігерін, өзін басқаруын және ақыл тепе-теңдігін жоғалтады. Жан сыздатып шаншыған аурулар кезекті дозаны талап еткенде адам жануардан төмен халге түседі. Нашақорға айналған адам осылай ерік – жігерден айрылып, өзінің іс-әрекетін ақылмен ойлай алмай, бақылауға ала алмай, есірткі пайдалануға ашкөздікпен кірісіп, барлық келеңсіз әрекеттерге барады. Бұл жаман індет әрқашан адам үшін ең үлкен пәлекет болған. Олардың алды алынуы үшін маңызды шаралар жасалуы қажет.

Нашақорлық атты келеңсіздікке апаратын, итермелейтін жер адамның жүрген ортасы. Адамның жүрген ортасы мықты әсер етеді. Бірінші кезекте араласып жүрген достары. Жаман дос жамандыққа тартатыны сөзсіз. Сондай-ақ жанұядағы ахуалдың да әсері мол. Әрбір ата ана баласының тәрбиесіне назар аударып, оның жүріс тұрысын жіті қадағалауы керек.

Есірткі заттарды қолдану ауруына шалдыққан адамдарды ертерек анықтау, сол адамды қайтадан көпшілікке қосу жағынан маңызды шаралар атқарылуда. Бірақ ең тиімді шара, жастарды дін бойынша және ислам ахлақы бойынша жетілдіру. Өйткені дініне берік адамдар харам нәрселерді жеуден, ішуден және оларды қолданудан әр дайым ұзақ тұрады.