Untitled Document

Сұхбат - Достық

Жақсы дос дүние үшін де, ахирет үшін де үлкен бақыт болып табылады. Жақсы адамдарға кездескен адам ахиретте өкінбейді. Адамның басына келетін барлық бәле-жала жаман дос арқылы келеді. Одан бойын алыс ұстау керек.

Жақсы дос жақсылықты туысқан болғандықтан не болмаса өз пайдасы үшін жасамайды. Жасағанын тек Аллаһ разылығы үшін жасайды. Жақсы дос адамды жоғары деңгейге көтереді. Жаман дос адамды ең төменгі дәрежеге түсіреді.

Сондықтан кез-келген адаммен достаспау керек. Кез келген адамға сыр шертпеу керек. Біреудің сөзіне алданбау қажет. Адамдардың сөзіне емес, ісіне қарау керек. Өз-өзіне пайдасы тимейтін адамнан сақтану керек. Өзіне пайда тигізбеген адам басқаға пайдалы бола алмайды.

Тирмизидің Әбу Хурайрадан алған хадисінде былай делінген: «Адамның діні досының діні сияқты. Әрбір адам кіммен достасқанына қарасын».

Бүгін - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні

ІІ Дүние жүзілік соғысының аяғында адамзатты жаңа соғыстардан сақтап қалу үшін және елдердің қиыншылықтарына бірлесіп шара табу үшін және адам хұқықтарын қорғау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. 24 қазан 1945 ж 50 мемлекеттен құрылған бұл ұйымның әлемдік бейбітшілікке біршама пайдалары болды.

Ең соңғы болып 28 маусым 2006 ж Чернагорияның да мүше болуымен БҰҰ-на мүше елдердің саны 192 жетті.

БҰҰ-на әр түрлі дәрежелі елдер мүше. 1 300 000 000 астам халқы бар (Қытай) елдермен қоса орта есепті ауыл көлеміндей де мемлекеттер де бар.

Жер көлемі 17 000 000 км2 болған (Ресей) мемлекеттермен жер көлемі 2 км2 құрайтын (Монако) елдер де бар.