Untitled Document

Тарих - Түркілердің тәуелсіздік құштарлығы (2)

Ханзада Күршадтың басшылығындағы қырық жігіт сәтсіздікке ұшыраса да, түркі халқының жүрегінде өшпестей етіп тәуелсіздік отын жақты. Бірнеше нәтижесіз қалған төңкерістерден кейін, ақыры 682 жылы Көктүрік ханзадасы Құтлұғ Шад айналасына жинаған түріктерімен тәуелсіздікті
жария етті. Ыдырап кеткен тайпаларды біріктірді. Сол себепті Илтериш (Ел жинаған) деген атақты иемденеді. Кейін Қытай ханшайымымен емес, бір түрік қызымен үйленіп, одан Білге мен Күлтегін есімді екі ұл дүниеге келеді. Бұл екеуі бірігіп, билікті қолға алады. Білге қаған, ал Күлтегін әскер қолбасшысы болды. Осылайша түрік тарихында алғаш рет екі бауыр ел тізгінін бірге ұстап, еш қызғанышсыз бір-біріне демеу болды. Білге қаған мен Күлтегін ішкі және сыртқы бүкіл қауіп-қатерлердің барлығын жойды. Шығыс Византия империясы көктүріктерге елшілер жіберіп жақсы қарым-қатынас құрды. Сол дәуірлері Көктүрік мемлекеті азияда жоғары мәртебеге ие болды. Күлтегін қайтыс болғанда үлкен жаназа рәсіміне Қытай, Тибет және Иран елдерінің өкілдері қатысты. Қытай империясы бұл қаһарман дұшпанына естелік ретінде қытайда үлкен ескерткіш жасатты.

Құтлығ қаған дәуірінің ең маңызды туындысы – Орхон жазбалары болып табылады. Бұлар 725-735 жылдары аралығында орнатылған үш тас ескерткіш. Олар Орхон өзенінің жағасында орналасқан. Қазір Моңғолия шекараларының ішінде қалған. Бүгінгі Моңғолия түріктердің ата
жұрты болып табылады. Ал моңғолдардың негізгі отаны солтүстік шығыс жағында еді. Дүниенің көне және керемет алфавиттерінің бірі болған және оңнан солға қарай жазылатын 38 әріпі бар көктүрік жазуымен жазылған. Бұл ескерткіште Білге қаған мен бауыры, бас қолбасшы Күлтегіннің және Білге қағанның қайынатасы және уәзірі Тоныкөктің кезінде Қытайдың қармауына түскен түрік мемлекетін жаңадан өркендету үшін жасаған еңбек-жігерлері түсіндірілген және болашақтағы түрік ұрпақтарының осы тәжірибелерден пайдаланылуы меңзелген. Сонымен қатар мұнда тәуелсіздік пікірі тоқылған. Бұл жазбалардағы белгілер жарқын ұлттың даналығының бейнесі болып табылады. Жазбада қаған өзін халқының азаматы ретінде халқына есеп беруде. Сонымен қатар халқына жасаған қателері себепті ақылгөй әкедей ескерту жасауда.