Сұхбат - Әһли бәйт
Пайғамбарымыздың бүкіл әулетіне, мүбәрәк жұбайлары, балалары, қызы хазреті Фатимамен хазреті Әли және бұлардың балалары хазреті Хасан мен хазреті Хусейіннен қияметке дейін келетін ұрпақтарына әһли бәйт делінеді. Хазреті Хусейіннің тегінен тарағандарға сәйидтер, хазреті Хасанның тегінен тарағандарға шәрифтер делінеді. Бір хадис шәрифте: «Менің әулетіме, тегіме тіл тигізіп, мені ренжіткендерге Аллаһу та’ала өте қатты азап береді» делінген. Тағы бір хадис шәрифте: «Сендердің ең жақсыларың – Менен кейін әһли бәйтіме жақсылық жасағандарың» делінді.
Хазреті Әли риуаят еткен екі хадис шәрифте: «Әһли бәйтіме тиіскен адамға қиямет күні соның азабы жеткілікті болады» және «Сират көпірінен ең оңай өтетіндер – әһли бәйтіме және сахабаларыма ерекше махаббат пен құрмет көрсеткендер» деп айтылған.
Хазреті Имам Раббани былай деген: "Заһир және батин ілімдерінде, яғни көңіл ілімдерінде үлкен ғұлама болған әкем, әрқашан әһли бәйтті жақсы көруді көп айтып насихаттайтын. Бұл сүйіспеншіліктің соңғы демде иманмен кетуге көп көмегі тиеді деп айтатын. Әһли бәйтті жақсы көру, әһли сүннеттің қазынасы. Ахирет табыстарын үнемі осы қазына алып келеді."
Әһли бәйтті күнәһар болса да жақсы көру керек. Оларды жақсы көру, оларға көңілмен, дене және мүлікпен көмектесу, оларды құрметтеп қадірлеу иманмен жан тапсыруға себеп болады. «Бірақ ол намаз оқымайды ғой!» деп, немқұрайлылық етпеу керек. Оларға Хақ та’ала өмірде міндетті түрде рүшди хидаят ихсан етеді.
Егер хидаят нәсіп етпеген болса, күнә істеп жүрген болса, онда соңғы демде тәубе етуді нәсіп етеді. Соңғы демде хидаят береді. Өйткені олар өте қадірлі және бақытты адамдар. Олардың денесінде Расулуллаһтың бөлшегі бар. Сондықтан оларды жақсы көрейік, қадірлейік.