Сұхбат - Көңілді (жүректі) тазалау
Көңілді күнәлар қарайтады. Хадис шәрифте былай бұйырылды:
«Бір адам күнә істегенінде көңілінде қара нүкте пайда болады. Егер тәубе етсе, ол дақ өшеді. Тәубе етпей қайтадан күнә істесе, ол дақ үлкейіп өсіп көңілді толығымен қаптап алады. Көңіл қап-қара болады.»
Күнәлар көңілді қарайтатын болғандықтан күнәға себеп болатын нәрселерден де қашу керек.
Хадис шәрифте былай бұйырылды: «Үш нәрсе көңілге қасірет береді: Тамақты, ұйқыны, және демалуды жақсы көру»
Күнә жасаған кезде тез арада тәубе және истиғфар айту керек.
Хадис шәрифте былай бұйырылды:
«Тот басқан әрбір нәрсенің бір тазалаушысы, жылтыратушысы бар. Көңілдің тазалаушысы астағфируллаһ деп айту.»
Өлімді көп еске алу да көңілдің қарайғанын кетіреді.
Хадис шәрифте былай бұйырылды:
«Су тиген кезде темірлердің тот басуы секілді, көңілдер де (күнә кесірінен) тот басады.» Ол жерде болғандар “көңілдің тазалаушысы не?” деп сұрады. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай деп жауап берді: «Өлімді еске алу және Құран кәрімді оқу»