Мақала - Батыс әлемі және армяндар
Батыс елдері Османлы мемлекетін құлату және колонияға айналдыру үшін армяндарды қалай қолданған болса, қазір Германия Гитлердің қиялдарын, ал Франция Наполеонның арманын жүзеге асыру мақсатында Европа одағын солай қолдануда.
Туркияны армян геноцидімен айыптап жатқандардың негізінде өз тарихтары геноцидпен толы. Африкада 20 миллион құл (маңызды бөлігі мұсылман) күштеп АҚШ-қа әкетілген. Олардың 10 миллионы жолда немесе концлагерлерде өлтірілген. Франция тек Алжирдің өзінде 2 миллион адам өлтірген. 2-дүниежүзілік соғысы біткен кезде қуаныштан көшеге шыққан Алжир халқын көтеріліске шығып жатыр деп ойлап, кемелерден атқылап, 20 мың адамды өлтірген. Францияның қан төгу жабайылығы том-том кітаптарға симайды. АҚШ 50 миллион қызыл терілілерді (индеецтерді) өлтірген. (Бұл сан Америкалық тарихшылардың еңбектерінде көрсетілген) Ағылшындардың тарихы онсызда жабайылыққа толы. Коллониясы болған Үндістанда өздеріне бәсекелес болмасын деп 50 мың текстиль ұсталарының қолдарын шапқан. Ал Испания Орта және Оңтүстік Америкада Азтек, Майя және Инка мәдениеттерін геноцидпен жойып жіберген. Өлтірген адам саны 50 миллионға жақын. Енді қай бетпен Туркияны болмаған геноцидпен айыптауда? (Мұны өздерінің тарихшылары да мойындайды) Бұдан Европаның негізгі мақсаты елді бөлу екендігі де айтылуда. Армян геноцидіне қатысты батыс елдерінен (мәжіліс, сенат, конгресс, өкілет жиналыстары) яғни парламенттерден мұны заңдастыруға талпынулары, бұл заңдарға сүйене отырып өлілер үшін төлем ақы, мүлік сұрап, ең соңында жер талабына келетіні айтылуда.
Бұрыңғы неміс премьер министрі Хелмут Шмит өз еңбегінде Туркияны Европа Одағына қосудың қате екенін ашық айтқан. Армяндардың мұсылмандарды мешіт, қора, мектеп сияқты жерлерге толтырып өртеп жібергені және атып өлтіргендері тарих беттерінде тұр, ал қираған үйлерде әлі күнге дейін (қан іздері) тұр. Францияның аты аңыз қаһарман деп аталған 82 және 92 жастағы екі генералы «Ле Монде» газетіне берген сұхбаттарында 1954-1962 жылдар аралығында Алжирде 1 миллион адам өлтіргендерін айтып берген.