Untitled Document

Денсаулық - АҚШтық профессордан насихаттар (2)

Арықтаудың ең маңызды жолы лептин тежелуін жою екенін мәлімдеген Лустиг, оны жүзеге асыру, яғни арықтау үшін мынадай кеңесін айтты:

Ø Тәтті тағамды аптасына бір рет қана жеңдер.
Ø Талшықты азықтар ас қорыту жүйесін жұмыс істету арқылы арықтатады.
Ø Күніне 15 минут дене жаттығуын жасаңдар.
Ø Тамақты әжелерің жегеніндей жеңдер.

Бұл жайлы профессор Лустигтің мынадай қысқа әрі мағыналы сөзі бар: «Әжелерің білмейтін нәрсені жемеңдер. Түрегеп тұрып та жемеңдер. Түрегеп тұрып жеу, тез жеуге жол ашады, тою сигналдарын алу үшін жеткілікті уақыт болмайды.

Протеинді азықтар тұтыну керектігін айтқан Лустиг, ұн өнімдерінен, май, карбонгидрат және шекерден жасалған тағамдардан ұзақ тұру керектігін айтты.

Асхана - Пирог

Қажетті заттар: 4 жұмыртқа, 1 стакан қант, 250 гр майонез, 1,5 стакан ұн, 1 пачка разрихлитель.
Дайындау әдісі: Осы заттардың барлығын араластырып, қамырын дайындаймыз. Пеш табасына май жағып, қамырды бір тегіс етіп саламыз. 200 градуста шамамен 15-20 мин пісіреміз. Осымен пирогыңыз дайын!

Қосымша мәлімет: Пирогтың бетіне "вареная сгущенка" жағып, оның бетіне какос стружкасын сеуіп те әрлеуге болады. Сондай-ақ дәл осы пирогты какао қосып та дайындауға болады. Ас болсын!