Untitled Document

Денсаулық - АҚШтық профессордан насихаттар (1)

АҚШтың семіздік мәселесі бойынша алдыңғы қатардағы ғалымдарынан Калифорния Университетінің профессоры Роберт Лустиг көп тамақ жейтін адамдарды ерік күшінің әлсіздігімен кінәламайтынын айтты. Оның пайымдауынша семіздік түгелдей гормоналдық мәселе және көп мөлшерде шекер тұтынудан келіп шығады.

Лустиг, семіздік проблемасында лептин гормонын кінәлайды. Бұл гормон тәбет термостаты ретінде қызмет атқарады. Лептин денедегі 2 «Аштық гормонынан» бірі және тәбетті азайтады. (Ал оның серігі грелин тәбетті арттырады). Жеткілікті түрде тамақ желінген кезде май жасушалары лептин бөліп шығарады. Ал бұл тәбетті тоқтатып, мидың тамақ жеуді тоқтату нұсқауын беруіне жол ашады. Көптеген ғалымдар семіздік лептиннің аздығынан келіп шығады деп ойлайды. Ал негізінде зерттеулер семіздерде көп мөлшерде лептин бар екендігін көрсетеді. Профессор Лустиг бұл жағдайды «Лептин тежелуі» деп түсіндіреді. Мұндай жағдайда ми лептиннің сигналдарын оқи алмайды және әрқашан аштық сезімін білдіреді. Лустиг, семіздердің осы себепті бір нәрселер жегісі келіп тұратынын және диета сақтау қиынға соғатынын айтты.

Лустиг және оның тобы, жасаған зерттеулерінің нәтижеcінде лептин тежелуінің себебін шекердің көп мөлшерде желінуінен екендігі анықталды. Шекер көп желінуі гормон мөлшерінің күрт жоғарылауына жол ашады. Профессор Лустиг лептин тежелуіне себеп ағзадағы шекерге қарсы инсулин бөлінуі екендігін айтады. Оның айтуынша инсулин деңгейінің аз болуы мидың лептин сигналдарын оқуын қамтамасыз етеді. Ал бұл тәбетті азайтып, көп тамақ жемеуге жол ашады. Әлемдегі 1,5 миллиард семіз адамның бұл жағдайдан хабарсыз екенін білдірген Лустиг, инсулинді негізге ала отырып, бұл проблеманың шешілетініне сенімді. Фат Чанс атты кітаптың авторы Лустиг, арықтау үшін инсулинді түсіретін дәрілердің орнына тамақтану кезінде шекер тұтынылуының азайтылуының жеткілікті екенін айтты.