Untitled Document

Күннің тарихы - Армяндардың жеңілісі

28 қыркүйек 1920 жылы Казым Карабекир Паша тарапынан армяндар соңғы соққыны алды. Осман Империясы Бірінші Дүниежүзілік Соғысында жеңілгендер қатарында болғандықтан, осы сәтті пайдаланғысы келген армяндар, Армениядан шығып Осман жерінің шығысына қарай бет алған еді. Тіпті біршама аудандарын басып алып, қуғын сүргіндерін бастап та қойғанды. 15-корпус қолбасшысы генерал Казым Карабекир, қоластындағы әскерімен армяндардың бұл шабуылына төтеп беріп, қанды шайқаста армяндарды жеңді.

Армян геноциды – ағылшын өтірігі

«Армян геноциды» деген сөз ағылшындар тарапынан ойлап табылған өтірік сөз екені, АҚШ-тың атақты тарихшысы, Осман империясын зерттеуші, профессор Джастин МакКарти Лондонда (Scholl of Oriental and African Studies) өткізген конференциясында, жасаған мәлімдемесінде дәлел-дәйектермен келтіріп айтты және оның бұл көзқарасының дұрыс екені анық. Профессор Джастин МакКарти «Армян геноциді» атты жалған пікірдің шығуына түрткі болған Висконт Джеймс Брюс пен Арнольд Тойнбидің жазған «Көк кітабы» (Blue Book) шын мәнінде – ағылшын интеллегенциясының жалған ақпарат шығару машинасының жемістерінің бірі екенін мәлімдеді.

Ағылшындар ешқандай дәйекке сүйенбейтін, толықтай өсек-аян, жалған ақпарат болып табылатын «Армяндарды жаппай қыру» сценарилерін жазды. Франция мәжілісінде қабылданған Армян геноциды негізінде ағылшындардың өтірігі.