Untitled Document

Тарих - Европа қағазбен мұсылмандардың арқасында танысты (3)

Қағаз деген сөз ұйғыр тілінде «Ағаштың қабығы» деген мағынаны білдіреді. Ал арабтар арами және грек тілдерінде папирус деген мағынаны білдіретін «киртас» сөзін қолдануды жалғастырған. Аббасилер дәуірінде қағаз өндірудің саны артты. 794 жылы Бағдадта, одан кейін Шам, Траблус, Хама, Йемен және Мысырда қағаз фабрикалары құрылды. Имам Әбу Ханифаның Мұсхаф жазылған қағазға деген құрметінен, жатар кезде фабриканың тұрған тарапына қарай аяғын созбайтыны риуаят етіледі.

Мұсылман қалаларында қолданылуы кең тараған қағаз Андалусия арқылы ХІІІ ғасырда Европаға өтеді. Европаның ең алғашқы қағаз фабрикасы Шатива (Испания) қаласында құрылған. 1276 жылы Италияның Фабриано қаласында алғашқы қағазды жасап шығарғанға дейін Европа қажеттілігін осы жерден қамтамасыз ететін. 1348 жылы Франция, 1390 жылы Германия, 1495 жылы Англия және 1690 жылы Америкада қағаз шығарыла бастады. Француз тарихшысы Седиллот былай дейді: «Европа компас, қағаз, оқ-дәрі және қару түрлері сияқты нәрселермен мұсылмандардың арқасында танысты. Батыстың өркендеуінің бірден-бір себебі де осы. Терінің аз және қымбат болу себебінен әркім оңай таба алмайтын. Қағаз бұл проблеманы түбегейлі жойды. Осылайша ғылымға және адамға үлкен қызмет етілген болды. Ал мұның құрметі мұсылмандарға тән.»

Зекертік жұмбағы - Кітап оқу

Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?
(Жауабы ертең...)