Untitled Document

Мақала - Бос уақыт

Адам дүниеге ойын-сауық пен көңіл көтеру үшін келмеген. Дүние жұмыс және табыс жері, ахирет үшін егіс орны. Мұнда не ексең ахиретте соны орасың. Бос уақыт – құны жоқ олжа, қолайлы мүмкіндік. Пайдалы іс жасамай уақыт өткізу уақытты өлтіру деген сөз. Дүниеде жасалған әрбір істің, жұтқан әрбір демнің есебі қияметте сұралады.

Хадис шарифте былай делінеді:
«Қиямет күні бүкіл адамдар, өмірін және жастығын қайда өткізгендігінен малын қайдан тауып қайда жұмсағанынан және ілімімен амал етіп етпегенінен сұраққа тартылады.» (Тирмизи)
Өмір, ілім, мал-мүлк және дене Аллаһу та’аланың құлдарына берген капиталы. Бұл капиталды Аллаһу та’аланың білдірген жерлеріне жұмсау керек. Уақыт өткеннен кейін өкінудің пайдасы болмайды. Сондықтан жастықтың, мал-мүлктің, денсаулықтың қадірін білу керек, дүниеде ахиретте табысқа жететіндей өмір сүру керек.

Хадис шәрифте былай делінген:
«Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенің қадірін біл! Кәріліктен бұрын жастықтың, ауырмастан бұрын саулықтың, жұмыс шықпастан бұрын бос уақыттың, кедейліктен бұрын байлықтың, өлімнен бұрын өмірдің қадірін біл!» (Әбу Нуайм)

Денсаулық - Тар киім кию

Тар киімдер ағзадағы тіндердің қанмен азықтануына бөгет болады. Әрқашан еркін қозғалуға және дененің дем алуына бөгет болмайтын киімдер кию керек. Қыс айларында киілетін нейлон және синтетикалық маталар да денсаулыққа зиянды. Ревматизм сияқты көптеген ауруларға жол ашады. Тар киімдердің себебінен дененің кейбір бөліктеріне қиын жетіп барған қан, адамның жаурауына да себеп болады және бүкіл денеге кері әсер етеді.