Жануарлар әлемі - Аттың ерлігі
Жануарлардың адамдарды қазадан, апаттан, өлімнен сақтап қала алатыны бұрыннан белгілі ақиқат. Міне сондай оқиғалардың бірі:
«Британияның солтүстігіндегі Шетланд аралдарындағы Леруик қаласындағы жағалауда ойнап жүрген балалардың біреуі теңізге құлап түседі. Толқындар әп-сәтте баланы жағадан 15-20 метр алысқа алып кетеді. Сол кезде теңіздің жағасына жақын жерде жайылып жүрген аттардың бірі, ешкімнен бұйрық алмай, өз ынтасымен бірден теңізге қарай ұмтылады. Жүзіп барып балаға жақындайды. Тістерімен көйлегінен тістеп, судың жағасына әкеліп тастайды. Оның аман қалғанын көргеннен кейін, өз орнына қайтып жайылымын жалғастырады. Бұл оқиғадан соң баланың әкесі атты иесінен сатып алып, оны өлгенше бағып асырайды. Осылайша қарызын өтеген болды.»
Күлімдейік - Парашют
Бір кісі парашют алу ниетімен дүкенге барады. Парашют таңдап жүріп сатушыға "мына парашют ашылмай қалса не болады?" дейді. Сатушы "ашылмай қалса запастағы парашютты ашасыз" дейді. Әлгі кісі "Ал егер запастағысы да ашылмай қалса ше?" дейді. Сатушы "біздің тауардардың бәрінің гарантиясы бар, қайтып алып келсеңіз, басқасына ауыстырып береміз" деген екен...