Сұхбат - Бұл дүние - сынақ
Имам Раббани ғылымдар қазынасы болған «Мәктубат» кітабында былай дейді:
«Бұл дүниеде харамдардың дәміне және көркемдігіне алданбау керек. Оның жалған көріністеріне берілмеу керек. Өйткені, олардың барлығы өткінші және құнсыз нәрселер. Қазір мұндай екендігіне адамның сенбеуі мүмкін. Бірақ, ертең өлген кезде рас екендігін түсінеді. Ол кезде сенудің ешқандай пайдасы жоқ.
Бұл дүниенің сынақ әлемі екенін жақсы білу керек. Сондықтан бұл жерде достар мен дұшпандар аралас, барлығына мейірімділік танытылған. Алайда, қияметте достар дұшпандардан бөлінеді. Ол күні тек достарға мейірімділік жасалады...».
«Бұл дүниеде бірнеше күн дерт пен бәле көрмегенінде адамдар жәннаттың қадірін түсіне алмайтын еді және мәңгі болған ниғметтердің қадірін біле алмайтын еді. Аштық көрмеген адам тамақтың ләззатын түсіне алмайды. Қиыншылық көрмеген адам рахаттықтың, тыныштықтың қадірін белмейді.»
Сіз білесіз бе? - Әлемде 1 минутта шамамен қандай оқиғалар болады
♦ 250 нәресте туылады.
♦ 107 адам қайтыс болады.
♦ 5 жер сілкінісі болады.
♦ 165235 баррель мұнай жұмсалады.
♦ Әлемде бір адам орташа 0,013 доллар табады.
♦ Үлкен киім маркалары 36505 доллар табады.
♦ 9 адамға АИВ және ЖИТС (Спид) аурулары жұғады.