Untitled Document

Денсаулық - Балмұздақта жасалатын айла

Технологияның қарқынды дамыған заманымызда азық-түліктерге де жасалатын қулықтардың бой көтергені белгілі. Солардың қатарын күннің ысуымен көшеде көптеп сатылатын балмұздақтардан да көруге болады. Гигиеналық таза ортада жасалмайтын балмұздақтардың зияндылығы онсыз да белгілі. Әсіресе ашық жерде сатылатын балмұздақтарды аларда сақтыққа мән беру керектігін айтқан мамандар, мына нәрселерді ескертуде:

«Бұл балмұздақтардың қай жерде жасалып, құрамына не қосылатыны белгісіз. Әсіресе балаларда іш ауруы, жүрек айнуы және уланулар пайда болуы мүмкін. Маркасы жоқ балмұздақтардан ұзақ тұрған жөн.»
Шекердің орнына жасанды дәмдеуіштер, сүттің орнына құрғақ сүт, табиғи жемістің орнына жасанды жеміс бояуын қосып балмұздақты улайтын кейбір өндірушілер, балмұздақты бабына келтіру үшін, жануарлардың тері және сүйектерінен алынатын желатинді (Е 441) қолданады.

Күлімдейік - Сараң диқан

Бір диқан сараңдығымен аты шыққан екен. Бір күні құдықтан су тартып
жатып құдықтың ішіне құлап түседі. «Көмектесіңдер»- деп айқайлағанында әйелі естіп, құдыққа жүгіріп келеді. Құдық ішіндегі күйеуін көріп:

- Сәл шыдай тұрыңыз байеке, қазір егістіктегі жұмысшыларды шақырып келемін сізді шығарып алсын,- дейді.
- Тоқта бәйбіше, сағат қанша болғанын айтшы маған?
- 11:30
- Онда жұмысшыларды қазір шақырма, түскі үзілісте шақыр. Мен
оған дейін жүзе тұрамын.