Әлем - Европада спиртті ішімдіктер
Европа Одағында спиртті ішімдіктерді ішу және оның зияндары жөнінде жасалған зерттеуде 13 европа одағы елдерінен 50 ғалым, спиртті ішімдіктер жайлы жарнамаларға түбегейлі тыйым салынуын талап етті. Барселонадағы клиникалық аурухана тарапынан ұйымдастырылған және Европа комиссиясының қаржыландырған AMPHORA (Alcohol Public Health Research Alliance) жобасының нәтижелері европа парламентіне ұсынылды. Амфора зерттеуінің жетекшісі Антони Гуал: «Зерттеуіміз ашық көрсетіп тұр, 13-16 жас аралығындағы жастар спиртті ішімдіктерге қолдау көрсететін іс-шаралар және онлайн ішімдік жарнамаларына қаншалықты тап болса 1 жыл немесе 6 айдан кейін спиртті ішімдіктер ішу ықтималы соншалықты артады» деді. Жобаның нәтижесінде 15 жастан жоғары европалықтардың орталама күніне 27 грамм ішімдік ішетіні және бұл бүкіл әлемдегі ішімдік ішу санының орталамасынан 2 есе көп екендігі анықталды. 15 пен 64 жас аралығындағы европалықтардан әр жылы 138 мың адам спиртті ішімдіктер себебінен көз жұматыны анықталған баяндамада, олардан 40 пайызы цирроз, 30 пайызы жарақаттар және 20 пайызы ішімдіктерге байланысты қатерлі ісіктен болғаны анықталды. Амфора жобасына жауапты Гуал, темекі сияқты, спиртті ішімдіктердің бөтелкелеріне де ішімдіктің зиянына қатысты ескертулердің жазылу керектігін айтты.»
Хикмет - Өзін иландыру (Самовнушение)
Еуропаның пойыздарының бірінде бір купеде екі жолаушы келе жатады. Бірі арық, екіншісі толық денелі. Арығы жаурай бастағанында «ыстық» деп жазылған түймешені басады. Сәлден соң арық адам жылынып, толық адам терлей бастайды. Одан кейін толық кісі де барып «суық» деп жазылған түймешені басады. Әп сәтте мұның терісі құрғап, ал арық адам жаурай бастайды. Содан араларында келіспеушілік шығып, екеуі жолсерікке (проводникке) жағдайды айтып шағымданады. Жолсерік: «Босқа ұрысып жатырсыңдар, поездің салқындатып-жылытатын құралы бұзылып қалған, істемейді!» дейді.