Untitled Document

Сұхбат - Дұрыс иман

Иман - сипаттарымен бірге Аллаһқа, періштелеріне, жіберген қасиетті кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне, өлгеннен кейін тірілуге сену. (Мысалы, Аллаһ көкте деп, оның орны бар деу күпірлік).

Иманның дұрыс, қабыл болуы үшін керекті шарттар:

  1. Иманда тұрақты болу. Мысалы, «3 жылдан кейін діннен шығамын» деген адам сол сәтте кәпір болады.
  2. Қорқыныш пен үміт арасында болу. Яғни, Аллаһтың азабынан қорқып, рақымдылыған үміт үзбеу.
  3. Өлер сәт жақындағанға дейін иман келтіру. Өлгелі жатқанда, ақырет жағдайларын көргеннен кейін кәпірдің иман келтіргені дұрыс болмайды. Бірақ, сол сәтте мұсылманның күнәларына тәубесі қабыл болады.
  4. Күн батыстан тумастан бұрын тәубе ету. Күн батыстан туғанда тәубе есігі жабылады.
  5. Ғайыпты тек Аллаһу та’аланың білетініне сену. Періште, жын және пайғамбар  ғайыпты білмейді. Бірақ, Аллаһ білдірген адамдар біледі.
  6. Иманның бір үкімін қабылдамау. Күпірлікті керек ететін нәрселерден сақтану.
  7. Діни үкімге күмән келтірмеу. Мысалы, «намаз парыз ба? Құмар харам ба?» деп күмәнданбау.
  8. Имандылықты Ислам дінінен алу. Тарихшылардың, философтардың емес, Мұхаммед (алейһиссалам) пайғамбар көрсеткен түрде иман келтіру крек.
  9. Аллаһ сүйіспеншілігінде болу. Сүйіспеншілік тек Аллаһ үшін болу керек. Аллаһтың дұшпандарымен достасу, Аллаһтың достарын дұшпан ету күпірлік болады.
  10. Әһли сүннет уәл жамағатқа сай сену.