Untitled Document

Тарих - Швеция тағындағы француз (2)

Генерал Бернадот адвокаттың ұлы болып, 1763 жылы Оңтүстік Франциядағы Пау қаласында дүниеге келген. Француз төңкерісіне қатысқан. Кейін Наполеонның көзге түскен маршалдарынан болып соғыс алаңдарында ерекше көзге түседі. Ең елеулі жайт кезінде Наполеонмен атастырылған Дезиремен үйленуі еді. Наполеон офицер кезінде Марсилиялы жібек сатушысының қызы және ағасы Жосеф Бонапарттың балдызы Дезире Клеримен атастырылған еді. Кейін Парижде танысқан Контес Жосефинмен үйленуі мансабының жоғарылауына көмекші болатынын ойлап Дезире Клерині тастап кеткен еді. Наполеон император болған соң Бернадотты Понтекорвоның ханзадасы етіп тағайындаған, бірақ аралары үнемі суып отырған. Ақыры 9-ыншы әскери корпустық командирлігі қызметінен босатылғаннан кейін шведтердің ұсынысын қабыл етеді.

Әскери қабілеті, Ганновер және Ханса басшылығындағы адамгершілікті ісі және Германиядағы швед тұтқындарына жасаған жақсы мәмілесімен Швецияда аты шыққан Бернадот, императордың мақұлдауымен ұсынысты қабыл етеді. Католиктен Лутерйен мазһабына өтіп, Швецияға орналасады. Король хал үстінде жатқандықтан басшылықты қолға алады. Норвегияны Швецияға қосу үшін Наполеонның дұшпандарымен келіседі. Осылайша ескі досына сатқындық жасайды. Наполеон 1814 жылы жеңілгеннен кейін Норвегияны алып, ел ішінде үлкен беделге ие болады. 1818 жылы король өлген соң, ХІV Карл Жохан (Юхан) деген атпен таққа отырады. Жан есімі швед тілінде Жохан деп айтылады. Швед тілін білмегенімен халық тарапынан жақсы көріледі. Егін шаруашылығын және теңіз саудасын дамытады. Осылайша халық саны қарқынды түрде өседі. Швеция-Норвегия королі ретінде 1844 жылы қайтыс болды. Оның тегі қазіргі кезде де Швеция тағында. Қазіргі король ХVІ-Карл Густаф, генерал Бернадоттың 6-ыншы ұрпағы. Шведтердің бұрынғы корольдеріне ешқандай ұрпақ жағынан байланысы жоқ бір француздың таққа отыруы, тарихтағы ең таңғаларлық оқиғалардың бірі болып табылады.