Untitled Document

Тарих - Швеция тағындағы француз (1)

Әдетте бір патша өлгеннен кейін орнына патшаның мұрагері өтеді. Жалпылама тақ мұрагерлерінен таққа өту кезегі патша отбасынан жасы үлкен ұл немесе қыздарынан болып тұрған. Бұл әдет мемлекеттерге қарай өзгере береді әрине. Кейде таққа отырамын деп ойлағандардың арасында ішкі соғыстар да болып тұрған. Кім жеңсе таққа сол отырған. Екі ғасыр бұрын Швеция елі бұл проблеманы тарихта бұрын сонды болмаған бір түрде шешеді. Швеция әлемнің ең көне елдерінен және европаның ең көне патшалықтарынан болып табылады. Әлі күнге дейін осылай басқарылады. Тәуелсіздігін еш жоғалтпаған. Екі дүние жүзілік соғысына да қатыспаған. Отарлаушы мемлекет емес. Бірақ Норвегия, Финляндия және Солтүстік Германия кезінде Швецияның жері болған. Демократия және өнеркәсіп ерте дамып, соның арқасында молшылыққа кенелген.

1523 жылдан бері келе жатқан Васа әулетінің соңғы өкілі Швеция королі ХІІІ Карлдың баласы жоқ еді. Бауырының ұлы алдыңғы король Густаф, Финляндиядан айрылып қалғандықтан бір көтеріліспен тақтан түсіріліп, Швецарияға қудалауға жіберілген болатын. Король Данияның корольдік әулетінен және сол елдің Норвегия губернаторы 41 жасар ханзада Кристиан Августты өзіне ұл етеді. Швеция осылайша Финландияның орнына Норвегия мемлекетін ала алатын жағдайда еді. Бірақ ханзада келесі жылы (1810 ж) аттан құлап өледі. Кейбір деректерде алдыңғы король Густафтың адамдары тарапынан уландырылған деп те айтылады. Швеция, жақсы қарым-қатынас құрғысы келген Франция императоры Наполеоннан бір мұрагер сұрайды, алайда Наполенон бұған көңіл бөлмейді. Бұдан кейін Швеция мемлекеттік кеңесі (Риксдаг) Наполеонның генералдарынан Жан Батист Бернадотқа тақ мұрагерлігін ұсынады.


(Жалғасы ертең...)