Untitled Document

Бала тәрбиесі - Махаббат және сенімділік

Балалы болып, оны рух және тәндік тұрғыдан сау-саламатты етіп өсіру, қоғамға пайдалы адам етіп жетілдіру, ата-ананы әрине қуантады, бақытты етеді.

Баланың өмірінде, жеке тұлға ретінде қалыптасуында ата-анадан кейін маңызды рөл ойнайтын адамдар – достар, мұғалімдер және есейгенде таңдайтын жары. Ал бұларды дұрыс таңдаудағы ең маңызды жол, отбасысынан алатын тәрбие, өзіне деген сенімділік және отбасы ішіндегі өзара құрмет, махаббат сияқты сезімдер болып табылады. Осы себепті ата-ана осы сезімдерді ұялату үшін дұрыс тәрбиемен қатар үйдегі халдерімен әрекеттеріне мән беруі тиіс.

Ата-ана әр сәтте тепе-теңдікті табуға тырысатын арқан бойымен жүретін акробат тәрізді. Қай әрекеттің және сөздердің балаға жақсы әсер ететінін қарастырады.

Бала мен ата-ана арасында махаббат, мейірімге сүйенетін берік қарым-қатынас болса, бала ата-анасынан естіген айқайды да жақсы, яғни түсіністікпен қабылдайтын болады.

Кешегі жауап

Солтүстік полюстен құлаған кезде жердің тарту күшімен жердің ортасына қарай сағатына 8 км жылдамдықпен құлайды. Ортасына жеткен кезде де тоқтамай түсе береді. Бірақ жердің тартылыс күшіне қарсы бағыт болғандықтан жылдамдығы азайып, жер бетіне шығарда жылдамдығы нөлге түседі. Сол кезде сыртта қала алса оңтүстік полюсте қалады. Егер оңтүстік полюсте қала алмаса ортасына қарай қайтадан түсе бастайды. Солтүстік полюске жетер-жетпес қайтадан оңтүстік полюске қарай қайтады. Осылайша маятник сияқты барып келіп тұрады. Бірақ ауаның кедергісімен жылдамдығы азая келе, соңында жердің ортасында қалады.