Untitled Document

Білім және техника - Қатерлі ісікті жоятын вакцина

Англияда жасалған зерттеулер нәтижесінде қатерлі ісік ауруларының жазылуына үміт берерлік жаңа вакцина табылды. Қатерлі ісікке қарсы ем-шаралардың жаңа жолын қалыптастыратын “TeloVac” вакцинасының, дененің аурумен күресуінде қорғану жүйесін күшейтетіні және шамамен 2 жыл ішінде қолданысқа енетіні мәлімденді. Англияда ұйқы безі қатерлі ісік ауруларына берілген “TeloVac”-тың тері, өкпе және бауыр қатерлі ісігі бар науқастарға да әсері болатыны болжануда. Сондай-ақ бұл вакцинаның көкірек және простат қатерлі ісіктерін тоқтатуы күтілуде. Англияда осы алты түрлі қатерлі ісіктен 70 мың адам көз жұмғанын мәлімдеген мамандар: «Вакцина қатерлі ісік жасушаларына шабуылдамайды. Оның орнына ісіктермен күресу үшін иммунитет жүйесін күшейтеді. Қатерлі ісік жасушаларының жойылмауын және таралуын қамтамасыз ететін теломераз деп аталатын ферментті тауып, соны жояды» деді.

Англияда жасалған осы кең ауқымды зерттеудің жетекшісі Ливерпул университетінің профессоры Джон Неоптолемос: «Ұйқы безінің қатерлі ісігі адамның ішіндегі жасырын механизмді бомба секілді. Қатерлі ісік жасушалары иммунитет тарапынан көрінбейді. Бұларды вакцина арқылы көрінетін етіп, иммунды жүйе осы қатерлі ісік жасушалармен күреседі. Теломераза деңгейі өте төмен болған дені сау жасушалар бұл шабуылдан қашады» деді. Осы еңбектер арқылы табысты нәтижелерге қол жеткізілсе, жаңа вакцина жақын уақытта көбейген ұйқы безі қатерлі ісік ауруларында және аурудың бастапқы кезеңдерінде қолданысқа өте бастамақ.

Зекертік жұмбағы - Түбі жоқ шұңқыр

Солтүстік полюстен оңтүстік полюске қарай жердің ортасынан өтетін бір тунел қазылды деп елестетейік. Осындай шұңқырға құлаған жағдайда соңы не болады?

(Жауабы ертең...)