Untitled Document

Қытай Халық Республикасы (ҚХР)

Қытай Халық Республикасы – Азияда орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемде 1-ші орында тұрады (1,3 млрд астам, халқының көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән). Әлем халқының шамамен алтыдан бір бөлігі Қытайда өмір сүруде. Жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам.

Қытайдың Қытай Халық Республикасы болып құрылуынан алдын шамамен 5000 жылдық жазба тарихы бар. Сонымен қатар 6000 жыл бұрынғы дәуірге тән, суреттермен бейнеленген қалдықтар бар. Қазіргі таңдағы мәдениеттің негізін қалаған қағаз, оқ-дәрілер, компас және баспаханалар сияқты көптеген жаңалықтар Антик Қытай мәдениетіне сүйенеді. Қытай соңғы жылдарда саяси ұмтылыстарымен әлемнің ең маңызды экономикалық күштердің бірі бола бастады. Қытайдың халқы әлемде әскери салаға қарағанда экономикалық салада өзін танытуда. Қытайдың 2020 жылдарда экономикасы ең жоғары мемлекет болуы болжануда.

Үкімет халық санының бақылауына қатысты шаралар қолданса да жылдық халық санының артуы 15 миллионнан жоғары. Халқының ең көп қоныстанған жері, үлкен қалалар орналасқан солтүстік-шығыс аймағы. Бұл жерде халқының тығыздығы 1 км квадратқа 450 адамнан тура келеді.

Б.з.б. 7 ғасырдан бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, құрылысын 10 патшалық әулеті салған, жеті ғажайыптың бірі «қытай қорғаны» солтүстік батысы бойынша созылуда. Жалпы ұзындығы 10000 км шамасында, кей жерлерінде қорғанның қалыңдығы 10 метрден астам.