Untitled Document

Әдеп-ахлақ - Тәкаппарлық

Көптеген адамдар өзінің тәкаппар екендігін білмейді. Сол себепті тәкаппарлықтың белгілерін білу өте қажет. Адамның менменшіл болуы, өзгелерді менсінбеуі, өзін басқалардан жоғары санауы, жақсылықтарын, ғибадаттарын үстем деп көруі жаман мінез болып табылады. Аллаһу та’ала өзін басқалардан үстем деп көруді және үстем деп білуді харам еткен. Тәкаппарлықтан құтылудың шарасы қарапайым болу. Қарапайым, кішіпейілді болу тәкаппарланбау деген сөз.

Тәкаппар адам ішке кірген кезде адамдардың ол үшін орнынан тұруын жақсы көреді. Өзіне құрмет көрсетілгенді түсініп, оларға насихат айтуды қалаған ғалымның өзі үшін орнынан тұруын қалауы тәкаппарлыққа жатпайды. Өзі отырып, басқалардың өзінің алдында түрегеп тұруын қалау, тәкаппарлықтың белгісі. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ): «Жаһаннамдық адамды көргісі келген адам, өзі отырып, басқаларды тұрғызып қоятын адамға қарасын!» деген. Сахабаи кирам (алейһимурридуан) расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) барлық нәрседен артық жақсы көретін. Пайғамбарымыз келген кезде орындарынан тұрмайтын еді. Өйткені орындарынан тұруларын қаламайтынын білетін еді. Сонымен қатар ғалымдар келген кезде білімнің абыройын көрсету үшін орнынан тұру керек.

Асхана - Жеміс салаты (Фруктовый)

Алма, алмұрт, банан, анар әр қайсысынан 300-400 гр етіп аламыз, қою қаймақ 150-200 гр, қою сгущенка 200 гр. Алма, алмұрттарды қабығын аршымастан, ішіндегі дәндерін тазалап төрт бұрыш етіп тураймыз. Бананды да осы секілді бірдей үлкендікте турап, анарды қосып бәрін араластырамыз. Қаймаққа сгущенканы араластырып, туралған жемістермен араластырамыз. Салатыңыз дайын ас болсын!