Мақала - Роже Гароди
Атақты француз ойшылы Роже Гароди 2012 жылы 13 шілдеде Парижде 99 жасында қайтыс болды. Шығармалары 40-тан астам тілдерге аударылған Гароди, артынан 60-қа жуық шығармалар мен өте көп мақалалар қалдырды. Роже Гароди Францияның дүние жүзіне мақтаныш тұтатын адамы еді.
1913 жылы Марсилияда туылған. 1952 жылы Сорбонна университетінде әдебиет саласында оқып, 1954 жылы КСРО ғылым академиясында доктор атағын алды. Франция парламентінде депутат, ұлттық мәжіліс төрағасының орынбасары және сенатор болып жұмыс атқарған. Бір кездері марксизмді зерттеу орталығында директор болып істеді. Франция коммунисттік партиясының көшбасшыларының қатарында лауазым иесі бола тұра, айтқан ескертулері еленбегендіктен орнынан бас тартты. Кейін университеттегі профессорлығына оралды. Зейнетке шыққаннан кейін көптеген шығармалары жарыққа шықты.
Рожер Гароди өзінің мұсылман болғанын «Естелік: бір ғасырдағы жалғыз саяхатым» атты кітабында былай түсіндіреді: «Құран кәрімді оқыған сайын маған жақындай түсті. Құран кәрім дәл бүгін жазылғандай және тура маған үнделіп жатқандай сезілді. Қиямет күнінде жердің шайқалысымен бірге адамдардың іс-әрекеттеріне және қателіктеріне куәлік ететіні туралы түсіндірілген Зилзал сүресін оқып жатқанымда аяқтарымның астындағы топырақтың гүрілдегенін сездім.»
Роже Гароди ислам дінін қабылдап, Палестин халқына өз құқықтарын қорғауға, Израильден қорғануға үндей бастағаннан кейін, көпшілігі яһуди жақтастарынан құралған БАҚ және баспаханалар оны шеттете бастады. Ол туралы бір қатар сөз де қозғалмайтын болды, оған тіпті бір сөз болса да сөйлетпейтін болды.
Гароди бүкіл әлемге мыналарды айтты:
«Ислам – бүкіл дәуірлер арқа сүйеген дін. Ал басқа діндер болса дәуірлердің арқасында сүйретілген. Яғни ислам дінінен басқа бүкіл діндер заманға сәйкестендіріліп өзгертілді, реформаларға ұшырады. Киелі кітаптары да заманмен бірге өзгертіліп жазылды. Ал Құран кәрім түскен уақытынан бері заманға билік етіп келеді. Адамды махлұқтардың ең абзалы және ең абыройлысы етіп білдіріп, оның жойылмайтынын түсіндірген. Ысырап, өзін көрсету, мақтаншақтыққа тыйым салған, табысты маңдай терде іздеткен, жиналған байлықтарды кедейлерге өлшемді түрде, ахлақ үкімдеріне сай үлестірген, жалқаулыққа себеп болатындықтан пайызға тыйым салған, осы арқылы дінге сай болмаған табыстарға жол бермеген жүйелердің, заңдылықтардың қоры. Ислам адамзаттың мәртебесін көтерген сәмауи дін.»