Untitled Document

Бала тәрбиесі - Үйлесімді ата-ана

Өз-өзіне деген сенімсіздік, ынжықтық көбінесе жеткіншек шақта немесе кіші жаста отбасы ішіндегі тұрақты үйлесімсіздік, ұрыс-керістердің нәтижесінде орын алады. Ата-ана қаншалықты тату, үйлесімді, сенімді, байсалды болса, балаларын да сол күйде тәрбиелейді. Қызу қанды болу, баланы үнемі жазаландыра беру және отбасы ішінде балаға екі бөлек тәлім, екі тараптық ықпал ету үрдісі, жұптардың арасындағы кикілжіңдер балаға едәуір мөлшерде кері әсерін тигізеді.

Ата-ананың ойлары бір-біріне үйлеспей, тиянақсыз шығатын болса, бала да тиянақсыз ойлайтын болады. Ата-ананың ұстанымдары баланың мінез-құлығының қалыптасуында өте маңызды роль ойнайды. Жеткіншек шақтағы ұл балалар әкесінен, қыз балалар анасынан үлгі алады.

Мәлімет - Күнтізбедегі Ораза кестесі

Рамазан айының қазаларын немесе Шәууал айының оразасы сияқты қасиетті күндерде ораза тұту үшін күнтізбеміздегі «Имсак» деген уақытта ауыз бекітіліп, «Шам» деген уақытта ауыз ашылады. Яғни ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішіп-жеп болу керек. Таң намазы уақыты күнтізбеміздегі имсак сағатынан шамамен 20 минут өткен соң басталады. Ауызашар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттар мен көрсетілген. Демек ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.