Мәлімет - Рамазан – жаңа ай көрінгенде басталады
Сұрақ: Ораза ұстауды күнтізбеге қарап бастаймыз ба, әлде жаңа айды көріп бастаймыз ба?
Жауап: Ораза күнтізбеге қарап басталмайды. Негізі, жаңа ай туылатын күнді есептеп білуге болады, бірақ, дініміз оразаны бастауды жаңа айдың туылуымен емес, көрілуімен байланыстырған. Хадис шәрифте: «Жаңа айды көргенде ораза ұстаңдар, тағы бір көргенде оразаны тастаңдар» деп бұйырған.
Жаңа ай, есептеп табылған күні немесе бір күннен кейін көрінеді. Ешқашан есептеп табылған күннен бұрын тумайды, тумағаны үшін де көрінбейді. Өйткені Аллаһу та’аланың орнатқан тәртібінде (ережесінде) қателік, ауытқулық болмайды. Күн мен айдың қай уақытта туып қай уақытта бататынын ұзақ уақыт бұрын есептеп білуге болады. Жаңа ай да есептелген уақытта туады, бірақ ауаның бұлттануы сияқты себептермен көре алмауымыз мүмкін. Рамазан айының басталғанын анықтау үшін, жарты-айды (туған айды) іздеп тауып, көру керек. Хижри қәмәри жылсанауында бір ай 29 күн болуы да мүмкін болғандықтан, жаңа-ай көрінгенде Шабан айының жиырма тоғызы болуы мүмкін. Ал егер жарты-ай көрінбесе Шабан айын отыз күнге толтырып бітіру керек болады. Жаңа-айды көру арқылы Рамазанның басталуы, есептеліп табылған күннен бір күннен кейін болуы мүмкін, бірақ бір күн бұрын болмайды. Өйткені жаңа-айдың есептеп табылған күннен бұрын тууы және тумаған айды көру мүмкін емес.
Рамазан айын жыл сайын отыз күн болады деп ойлайтындар да бар. Бірақ, қамари айлар кейде 29, кейде 30 күн болады. Ылғи 30 күннен болғанда, хижри жылсанауы 360 күн болатын еді. Оразаның жыл сайын 10 күнге ерте басталуы, қамари айлардың кейде 29 күн болуынан.