Күннің тарихы - Төрт Інжіл
Иса алейһиссаламның хақ діні, кейін дұшпандары тарапынан опасыз түрде өзгертілді. Болус (Паулус) атты яһуди Иса алейһиссаламға сенгенін айтып, Исауилікті таратуға тырысқан болып көрініп, Аллаһу та’аланың түсірген Інжілін жойды. Кейін Исауилікке тәслис (үш тәңір) пікірі енгізілді. “Әке-Ұл-Қасиетті рух” делінген ақылға сыйымсыз, қисынға қонымсыз сенім жүйесі орнатылды.
Шынайы Інжіл жоғалғандықтан кейбір адамдар Інжілдер жаза бастады. Милади 325 жылы жиналған Изник (Никея) поптар Мәжілісі қолданыстағы жүздеген Інжілдердің төртеуін қалдырып қалғандарының күшін жойды. Тек Матта, Маркос, Лука, Юханна Інжілдері қалды. Болустың жалғандары және Платонның шығарған тәслис (үш тәңір) пікірі осы Інжілдерде де орын алды.
Барнабас атты бір хауари Иса алейһиссаламнан естігендерін және көргендерін дұрыс күйінде жазса да, «Барнабас» Інжілі де жойылды.
Күлімдейік - Қонақ
Бір кісі Астанадағы досының үйіне қонаққа барады. Қонақ болып жүргеніне бір ай өткеннен кейін, үйдің иесі:
– Әйеліңді, бала-шағаңды сағынбадың ба?- деп сұрайды. Қонақ кісі терең дем алып:
– Айтпа, қаншалықты сағынғанымды білсең ғой!- дейді.
– Оларды көргің келмей ме?- деп сұрайды. Әлгі кісі қуанып:
– Шынын айтсам қатты көргім келіп жүр, бірақ сендерден ұялып жүрген едім. Қазір телефон шалып, оларды да шақырайын!..