Untitled Document

Денсаулық - Магний

Магний өмірлік мәнде өте маңызды болған 11 минералдан бірі, бәлкім ең маңыздысы болып табылады. Магний денеге азықтар жолымен алынады, стресске және бас ауруға жақсы пайдасы бар және жүректі қорғайды.

Астма және аллергиялық тұмауды жеңілдетеді. Магний жүйке және бұлшық ет жүйесінің саулығы, тіс және сүйектер үшін де маңызды. Кейде (Диета сақтау, спорт, стресс, спиртті ішімдіктер, темекі және т.б жағдайларда) көп магнийге қажетсінеді. Сондай-ақ теріні және шашты әдемілейді, тырнақтарды қуаттандырады. 300 ферментті жұмыс істетеді және осы арқылы зат алмасуына әсер еткен болады.
Магний топырақта және теңіз суларында сақталған. Бұл минерал функцияларын орындай алуы үшін денеге әрдайым берілуі керек. Сондай-ақ көп терлеген және ішті айдайтын дәріні ішкен адамдарда денеден көп мөлшерде магний кетеді. Ал стресс, жүктілік және бала емізу сияқты жағдайларда дененің магнийге деген қажеттілігі одан да арта түседі және дене бұл минералды жеткілікті мөлшерде алмағандықтан, сүйектердегі магнийді қолдануға кіріседі. Асқазан-ішек жолдарында, несеп жолдарында және аяқтағы сіңірдің тартылуы, жүрек соғуының бұзылуы, мойнында және иықта тартылулар немесе ашуланшақтық, аяқ-қолдың ұюы бас ауруы, жоғары дауысқа қарсы сезімтал болу магнийдің аздығының белгісі.

Магний – дәнді-дақылдарда, бұршаққындыларда, көкөністерде, жұмыртқада, алмада, жаңғақта, күнбағыс пістеде, сәбізде, балдыркөкте және салат жапырақтарында көп мөлшерде табылады.