Untitled Document

Сұхбат - Екі дүниеде де сұлтан болу

Бұл дүние қиял және өткінші. Негізгі өмір – ахирет өмірі, бұл өмір мәңгі. Ол жақта жәннатпен тозақтан басқа жер жоқ. Аллаһу та’ала «Құлым менен не сұраса, оған сол есіктерді, сол жолды ашамын» деген. Жүрегімізді (көңілімізді) қайда бағыттағанымызға, қалай ниет еткенімізге қарап, жақсылап ойланумыз керек.

Дүниенің сұлтаны болуға емес, ахирет сұлтаны болуға тырысу керек. Ибраһим бин Әдхам хазреттері Дижла өзенінің жағасында шапанын жамап отырғанында сарайдағы бұрыңғы достары оны көріп: «Сарайда қалуың керек еді, мерейің биік сұлтан едің, дәруиш болып, неге қол жеткіздің?» дейді. Ибраһим бин Әдхам хазреттері оларға ұзақ қарап тұрды да, қолындағы инені өзенге тастап «Ей Аллаһтың махлұқтары, менің инемді әкеліңдер!» дейді. Бүкіл балықтар инені әкелу үшін жарыса кетеді. Ибраһим бин Әдхам хазреттері инесін алып «Міне, осыған қол жеткіздім. Сендерге сұлтан болмағаныммен, мен барлық нәрсеге сұлтан болдым» дейді.

Адам қайда сұлтан болғысы келетініне таңдауын жасау керек. Нені сатқанын және мұның орнына нені алғанын жақсылап ойлауы керек!

Өмір су сияқты ағып өтуде, біз де келдік, кетіп бара жатырмыз. Оқыған намазымыз соңғы намаз болуы мүмкін, өйткені әр күні мыңдаған адам өліп, ахиретке кетіп жатыр. Бүгін болмаса ертең, ертең болмаса басқа күні, әйтеуір бір күні Әзірейіл алейһиссалам міндетті түрде аманатты алады. Соңында бәрі жоқ болатын мына дүниелік мал-мүліктер және атақ-даңқ үшін күнәға түсу, харам істеу – ақылды адамның тірлігі емес. Дінімізді үйренуіміз, үйренгенімізді орындауымыз, уақытымызды босқа өткізбеуіміз керек. Аллаһ алдында жағымды болғаны – мал-мүлік пен атақ-даңқ емес, тақуалық, жұмсақтық, адамдарға жақсылық жасау және дінімізге қызмет ету.