Сұхбат - Мұсылман таза болады
Мұсылмандар тазалыққа мән береді. Мешіттерге үйлеріне аяқ киіммен кірмейді. Кілемдер, төсеніштер шаңсыз таза болады. Мұсылмандардың денелері, киімдері, тағамдары, айналасы үнемі таза тұрады. Сондықтан микроп және бактериялар жоламайды. Тазалықты мұсылмандар тек гигиена ретінде емес, діни міндеті болғандықтан ұстанады. Мұның қарапайым мысалы дәрет. Дәрет алғанда ауыз, мұрын, қол, бет және аяқтарды жуу, микроп, бактериялардан, тері аурулары мен қабынулары үшін ең жақсы қорғаныс. Ислам жолымен жүрген адам аурулардан ұзақ болады.
Дін надандары Исламға тазалық жағынан ештеңе айта алмайды. Мұсылмандар тазалыққа мән бергендігі себепті де ешбір мода оларды сырт аяқ киіммен үй ішінде жүруге дағдыландыра алмаған. Таңның атысымен үйдің ауласына дейін сыпырылып тап-тұйнақтай тұратын. Ал Француздардың дүние жүзіне жар салып мақтан тұтатын атақты Версаль сарайында бірде-бір әжетхана және монша болған емес.
Бір күні табииннен болған жастар Сахабаларға келіп былай сұрады:
- Аллаһу та’ала сіздерді қатты жақсы көреді. Құран кәрімде де сіздерді мақтаған. Бұның себебі неде?
Олар былай деп жауап берді:
- Иә, бізді жақсы көреді. Өйткені біз тазалыққа қатты мән береміз.
Аллаһу та’ала Құран кәрімнің көп жерлерінде «Таза болғандарды жақсы көремін» деп бұйырған. Пайғамбарымыз да былай деген: «Тазалық иманның жартысы.»