Сұхбат - Кіммен болғанымыз маңызды
Иманның шарты алтау. Бұлар сенілетін нәрселер. Бұл алты шартқа сендім деп айтумен пайда болған иманның жалғасуы үшін, басқа үкімдер де қажет. Мысалы, ғибадаттар иманның шарттары болмаса да, парыз екеніне сену, иманнан болып табылады. Намаздың парыз екеніне сенбеген адамның иманы болмайды. Иманның негізі және ең маңызды белгісі болған тағы бір негізгі шарты бар, ол хубби филлаһ және буғди филлаһ. Яғни Аллаһу та’аланың жақсы көргендерін жақсы көру, жақсы көрмегендерін жақсы көрмеу.
Адам, ғибадаттарын орындаумен бірге Аллаһу та’аланың жаман көрген құлдарын да жақсы көретін болса, мысалы Әбу Жәһилді жақсы көретін болса, ол адам жаһаннамға барады. Өйткені хадис шәрифте пайғамбарымыз: «Әркім өзінің жақсы көргенімен бірге болады» деген. Демек, адам дүниеде жақсы көрген адамдарына мән беруі керек. Бұл жақсы көру және жаман көру сезімдері, өзінің жеке пайдасы үшін емес, Аллаһу та’аланың разылығы үшін болуы керек. Жақсы көру, жақсы көрмеу сезімдері көңілмен (жүрекпен) болады, денемен болмайды. Өрт пен оқ-дәрі бір жерде болмайтынындай, бір-біріне теріс болған екі нәрсе де бір жерде бола алмайды. Сүйікті пайғамбарымызды жақсы көрмеген адамды жақсы көре алмаймыз. Ал бұл сезім көңілде (жүректе) өздігінен пайда болады. Ілім арқылы, үйрену арқылы болмайды. Соңғы демдегі иман, пайғамбарымызға болған махаббатқа байланысты. Сондықтан ислам ұлылары: «Адам, жақсы көретін адамын жақсылап таңдауы керек, соған қарай жақсы көруі керек» - деген.
Аллаһу та’ала Иса алейхиссаламға: «Егер жердегі және аспандағы махлұқтардың бүкіл ғибадаттарын жасасаң да, достарымды жақсы көрмейінше және дос болмағандардан алыстамайынша еш пайдасы болмайды» және Мұса алейһиссаламға да: «Ей Мұса! Достарымды мен үшін жақсы көрдің бе және жақсы көрмейтіндерімнен мен үшін алыстадың ба?» деген.