Денсаулық - Ана сүті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балаларға 6 айлығына дейін тек ана сүтінің берілу керектігін ұсынуда. Бұл уақыт аралығында берілуі қажетті көмек темір мен D витамині. Ананың сүті сәбилер үшін керемет азық болуымен қатар, олардың иммунитет жүйесін күшейтетін вакцинаның қызметін де атқарады. Ана сүтін еміп өскен сәби көп аурымайды. Ананың сүті сәбиді іш өту, тыныс жолдарының инфекцияларынан, орта құлақ қабынуынан, қант диабеті және астма сияқты аурулардан сақтайды. Ананың сүті өте маңызды.
Ана сүтінің пайдалары жайлы айтқан мамандар, ана сүтінің ана мен бала арасында сезімтал байланысты қамтамасыз ететіні сияқты иммунитет жүйесін дамытып, аналардың көкірек қатерлі ісігінің қаупін азайтатынын, ана сүтімен жетілген балалардың IQ деңгейі жоғары болатынын, іш өту және тыныс жолдары ауруынан қорғалатыны, физиологиялық сарылықтың да алдын алатынын мәлімдеді.
Басқа пәле – тілден
Бірде ерігіп отырған хан Қожанасырдан:
- Басқа пәле неден? - деп сұрайды.
- Тақсыр, басқа пәле – тілден, - дейді Қожа.
- Жоқ, білмедің, - деп, хан Қожамен дауласа кетеді. Екеуі ұзақ керіседі.
Қожаның дұрыс сөзін хан теріске шығара береді. Әбден ыза болған Қожа:
- Ой, өзің сөз түсінбейтін менің көк есегім сияқты бір су ми екенсің! – дейді. Әрине, «көк есек», «су ми» деген ауыр сөздерді есту – ханға оңай ма, табанда қаhарына мініп:
- Мынаны дарға асыңдар! – деп әмір етеді. Жалаңдаған жендеттер тап бергенде, зәресі кеткен Қожа:
- Дәт, тақсыр, мен жаңа ғана Сізге: «Басқа пәле – тілден» деп айтпадым ба? Көзіңіз енді жеткен болар,- депті. Сөзден жеңілген хан Қожанасырды босатып қоя берген екен.