Untitled Document

Сұхбат - Нәпістің жаратылуының себебі (2)

Ақыл нәпістің қалауларын, пайғамбарлардың жақсы деп көрсеткен нәрселерінен ажыратып көңілге білдіреді, көңіл де ақылдың білдіргендерін таңдайтын болса, адам нәпсінің армандарын жасауды қаламайды. Көңіл исламның жақсы деп білдіргендерін таңдап, қалап жасатқызатын болса, адам бақытқа қауышады.

Хазреті Шерефәддин Йахя Мунири «Нәпістің жаратылуынан мақсат адамдардың өмір сүруі, көбеюі және дүниелік қажеттіліктеріне қол жеткізу жолында еңбек етулері үшін. Аллаһу та’ала нәпісті осындай көптеген пайдалары үшін жаратқан. Бірақ бүкіл адамдарға мейірім етіп нәпіске берілуді тежейтін, оған ие болып, зияндарына тосқауыл болатын ақылды да жаратты» деген.

Дініміз жамандықтардың ордасы болған нәпістің өлтірілуін, жойылуын емес оған мойынсұнудан, оның айтқандарын орындаудан бізді тиюда. Аллаһу та’ала Құран кәрімде Назиат сүресінің қырығыншы аяти кәримасында «Хақ та’аладан қорқып, нәпсінің (дінге қайшы) нәфсани қалауларынан өзін тыйған адамның барар жері міндетті түрде жаннат» деп бұйырған. Хадис шәрифте: «Ақылдылықтың белгісі нәпсісіне ие болып, одан басым түсіп және өлгеннен кейін керек болғандарды дайындау. Ақымақтықтың белгісі нәпсіге беріліп Аллаһтан кешірім және мейірім күту» делінген. (Бәриқа)
Хазреті Әбу Бәкір Тамистани «Нәпіске берілуден құтылу дүние ниғметтерінен ең үлкені. Өйткені нәпіс Аллаһу та’аламен құлы арасындағы перделердің ең үлкені» деген. Нәпіс ешкімнің қоластында, әмірлігінде болуды ұнатпайды. Сондықтан ғибадат жасауды қаламайды. Нәпістің азығы қарсы шығу, қырсығу, яғни күнә істеу, харамдар болғандығы үшін күнәлардан сақтану оған өте ауыр тиеді. Сол себепті хазреті Имам Раббани «Нәпсіге күнәлардан қашу, ғибадат жасаудан да ауыр келеді. Сондықтан күнәдан қашуың өте сауапты болады» деген. Әли Хафыз атаның айтқанындай: «Нәпсі - дұшпан. Дұшпан сөзімен амал ету ақылды адамның ісі емес.»