Сұхбат - Нәпістің жаратылуының себебі (1)
Нәпіс (нәфс) – адаммен жында жамандықтың көзі ретінде, шариғатқа яғни дінге қайшы келетін қалаулардың негізі ретінде жаратылған. Адамдар арасында жамандықтың негізі ретінде жаратылған нәпіс үшін: «Аллаһу та’ала нәпісті жаратпағанда адамдар оның алдауынан құтылар еді. Ешкім жамандық жасай алмас еді, бәрі жаннатқа барар еді» деп айтылып жатады.
Бұл жөнінде ислам ғалымдарынан хазреті Имам Раббани былай деген: «Бұл дүниедегі барлық нәрседе Аллаһу та’аланың әрі рахмет сипаты, әрі қаһар (ашу) сипаты көрінуде. Су адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің өмір сүруі, тазалығы, тамағы және дәрі-дәрмегі үшін керек болғаны секілді теңізде мыңдаған адам тұншығып өлуде, су тасқындарының салдарынан қаншама үйлер қирауда. Суық су ішкен адам ауруға шалдығуда. От нан, тамақ пісіру үшін және қыста жылыну үшін керек болғаны сияқты қаншама махлұқтар өрттен өлуде. Электр тогы көп жерде пайдамызға жарағанымен өрт шығуына себеп болуда, тоққа түскен адамдар сол мезетте өлуде. Әрбір дәрі бір ауруға дауа болғанымен көп мөлшері зиянды болуда. Барлық нәрселер осылай. Нәпіс те осыларға ұқсайды. Әрі пайдалы, әрі зиянды тараптары бар. Нәпіс – адамдардың өмір сүруі, көбеюі, дүниелікке қол жеткізу мақсатында еңбек етулері және ахиретке қол жеткізу мақсатында жиһад сауабына қауышулары үшін жаратылған. Аллаһу та’ала нәпісті осындай көптеген пайдалары үшін жаратты. Бірақ нәпіс кейбір ләззаттарға тоймайды.»
Аллаһу та’ала бүкіл адамдарға мейірім етіп нәпістеріне ие болуы үшін және зиянды қалауларының алдын алу үшін ақылды жаратты. Ақыл – адамның миы арқылы сезім мүшелерінен, шайтаннан және нәпістен көңілге (жүрекке) келетін қалауларды зерттеп жақсыларын жамандарынан ажырататын қуат.
Ажыратқанда жаңылыспайтын болса бұған “сәлим ақыл” делінеді. Сонымен қатар Аллаһу та’ала пайғамбарлар жіберіп, қай нәрсенің пайдалы, жақсы екенін және қай нәрсенің зиянды екенін және де нәпістің бүкіл қалауларының жаман екенін білдірді.