Untitled Document

Мақала - Жоғалған қасиетіміз

Германияда өмір сүретіндер немесе Германияға барғандар жақсы біледі. Ол жақта күнделікті өмір мынадай: Таңертең сағат 5, 6 да барлығы көшеге шығады. Яғни барлығы дерлік, жаппай сыртта. Іскерлер жұмысына бару үшін, кәрілер таңертең таза ауада серуендеу үшін, иттерін кездіру үшін сыртқа шығады. Ешкім күн шығарда ұйықтап жатпайды. Бүкіл европа халқы осылай.

Жұмыс істейтіндер әдеттегідей сағат 16:00 шамасында жұмыстарынан қайтады. Үйлеріне барып, тамақтарын жейді, тірліктерін жайғап сағат 10:00 да барлығы ұйқыға жатады. Қарасаңыз бүкіл үйлердің жарықтарының сөнгенін көресіз. Егер жарық жанып тұрған үйді көрсеңіз, біле беріңіз ол түркі халықтарының үйі. Біздікілер әдеттегідей түнгі сағат 12:00, 1:00- ге дейін теледидар көреді. Ертеңіне шаршаған, ұйқысы қанбаған күйде жұмысқа барады. Жағдай осындай болғаннан кейін жұмыстың өнімділігі де солай болады.

Ата-бабаларымыздың заманында жеті жастан жетпіс жасқа дейін барлығы таңертең сағат 6:00 да бамдат намазына тұратын. Намаз оқып болғаннан кейін жұмысы барлар егініне, дүкеніне кетеді. Кәрілер сәске уақытына дейін Құран кәрім және басқа да кітаптар оқитын. Яғни күн шығарда ешкім ұйықтап жатпайтын. Кешкісін құптан намазын оқып болған соң барлығы ұйықтайтын.

Бір студент Италияға барады. Қонақ үйде 3,4 адам жататын бір бөлмеге орналасады. Екі күннен кейін қонақ үйдің бастығы шақырып: «Таңертең ерте тұрып кітап оқиды екенсің. Бөлмеңдегілер мазасызданып сенен шағымдануда» деп айтады. Әлгі студент: «Мен мұсылманмын, бұл дініміздің әмірі, таңертең ерте тұрып намаз оқуым керек,- дейді. Оған: «Біздің екі адамдық бөлмеміз бар. Қазір ол бөлмеде бір адам жатыр. Ол да таңертең ерте тұрады, қаласаң сені сол бөлмеге өткізейік»,- дейді. Ол келісіп сол бөлмеге өтеді.

Жанында жататын яһуди де таңертең ерте тұрады. Әлгі студент яһудиден сұрайды: «Мен мұсылманмын, сол үшін ерте тұрамын. Бұл дініміздің әмірі. Ал сен не үшін ерте тұрасың?» Яһуди былай деп жауап береді: «Біздің дінімізде де мұндай уақытта ұйықтау жақсы емес. Осы жасқа келгенге дейін, ешқашан күн шығарда ұйықтаған емеспін. Сондай-ақ мен бұл жөнінде оқығандарым бар, бұл уақытта ұйықтау денсаулыққа өте зиянды екен.»

Бәлкім Европаның осыншалықты дамып кеткенінің, ал біздің материалдық тұрғыдан да, рухани жағынан артта қалғанымыздың себебі осы болар. Бәрі нәрсеміз мүлдем ауысып кеткен. Олар біздің жақсы жақтарымызды, ал біз олардың жаман жақтарын алғанбыз.