Untitled Document

Күннің тарихы - Стамбул жеңісінің тарихи маңызы

Стамбулдың алынуы әрі түрік-ислам тарихында, әрі европа тарихында үлкен бір өзгеріс кезеңі болды. Ислам діні келген кезде әлемде екі үлкен мемлекет бар еді. Бірінші, Иран Сасани империясы, екіншісі Шығыс Рома (Византия) империясы. Бұл екі алып империялардың алынуымен сол аймақпен қоса біршама елдердің Исламды тануына жол ашылар еді. Шын мәнінде де солай болып, Иранның алынуымен Орта Азия елдерімен Үндістан секілді біршама аймақтар Исламды тану мәртебесіне қауышты. Иран мемлекеті хазреті Омар радиаллаһу анһтың дәуірінде-ақ құлады. Ал Византияның қамалдары қорғаныстары мықты еді.

Византиялылардан ең бірінші Сирия алынды. Сүйікті пайғамбарымыздың Ахмед бин Ханбелдің мүснәдінде нақл етілген «Константинополь бір күні әрине алынады. Оны алған қолбасшы қандай жақсы қолбасшы, оны алған әскер қандай жақсы әскер» және Бұхаридегі: «Констонтинопольді алуға ең алғаш шыққан әскер мағфирет етілді» деген хадистер бұл қаланың стратегиялық маңыздылығын айқындай түседі. Хазреті Муауианың (радиаллаһу анһ) халифалығы дәуірінен бастап-ақ мұсылмандар бұл қаланы алу үшін әрекет жасады. Алғашқы әскер ханзада Йезидтің қолбасшылығымен аттынып, хадис шәрифтегі сүйіншіге қауышу үшін бұл әскерге біршама сахабалар да қатысқан еді. Олардың бірі жасы сексеннен асқан Әйуб Сұлтан хазреттері еді. Бірақ әскер жұқпалы ауруға шалдығып қаланы ала алмайды. Әмәуи халифалары да осы мақсатпенжорықтарға шығып Меслеме, Галатаны бағындырады. Араб мешіті сол күндердің естелігі. Қаншама ғасырлардан кейін Османлылар бұл идеалды жандандырды.

Сұлтан Йылдырым Баязид хан және сұлтан ІІ Мұрат хан дәуірінде қаншама рет қоршауға алынды, бірақ бір себептермен алынбады. Қала стратегиялық маңыздылығымен қатар табиғатының әдемілігімен де ерекше. Францияның императоры Напалеон: «Дүние жүзі бір мемлекет болғанда, астанасы Стамбул болар еді» деген екен. Константинопольдің алынуымен мұсылмандардың алды ашылды. Осылайша Османдықтардың ілгерілеуімен мұсылмандар Виянаға дейін барды. Европа исламмен танысты. Балқандардан өздерінің діндерін тастап, ислам дінін қабылдағандар болды. Адамдар топ-топ болып мұсылман болды.