Сұхбат - Дұға кері қайтарылмайды
Табииндердің ұлыларынан болған Сабит бин Әсләм хазреттері былай деген:
«Бір мұсылман Аллаһу та’аланың еске алынған жерге таудай күнәсімен кірсе, шыққанында зередей де күнәсі қалмайды.»
Мүмин қиямет күнінде Аллаһу та’аланың құзырында тұрады. Аллаһу та’ала өзі біліп тұрса да: «Ей құлым! Сен дүниеде маған ғибадат жасаған құлдарыммен бірге ғибадат жасадың ба?» деп сұрағанда ол мүмин: «Иә, олармен бірге мен де ғибадат еттім йа Раббым!» дейді. Аллаһу та’ала тағы да: «Ей құлым, дүниеде болған кезіңде маған дұға етіп жалынған және мені зікір еткендермен бірге сен де зікір етіп мені есіңе алдың ба?»-деп сұрайды. Ол мүмин «Иә, ей Раббым!» деп жауап береді. Сол кезде Аллаһу та’ала «Ұлылығымның құрметі үшін, мені зікір етіп еске алған барлық жерде, мен де сені еске алдым. Қай жерде дұға етіп жалынған болсаң сол дұғаңды қабыл еттім.» дейді.
Сабит бин Әсләм кейін мына хадис шәрифті нақыл еткен:
«Мүминнің ешбір дұғасы кері қайтарылмайды. Пайдасы дүниеде беріледі немесе ахиретке қалдырылады немесе күнәларына кәффарат (кешірім) болады.»
Бұл қызық - Құстар
АҚШтағы Массачусетс техгологиялық институтында оқыған магистрант, жаз бойы әр күні Гарвард футбол алаңына барып жем шашып, кейін қалтасынан ысқырықты алып ысқырады. Сол кезде айналадағы бірен-саран құстар жем жеуге ұшып келіп жүреді. Осылайша күн өткен сайын құстардың саны да көбейе береді.
Күзде бұл магистрант институтты бітіріп кетеді және осы кезде футбол маусымы да басталады. Футболда төреші ойынды бастау үшін ысқырған кезде жүздеген құстар алаңға қонады. Басталып үлгермеген матч та кейінге қалады.